Қазақстан • 19 Қазан, 2017

Парламентаралық бірлестік жұмысына қатысты

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов Қазақстан Парламентінің делегациясының құрамында ТМД және ҰҚШҰ-ның парламентаралық құрылымдарының жұмысына, сондай-ақ Санкт-Петербургте өткен Парламентаралық одақтың 137-ші Ассамблеясына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Парламентаралық бірлестік жұмысына қатысты

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысында Достастық мемлекеттеріндегі биылғы сайлауларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты сайлауын байқауды ұйымдастыруға байланысты баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Экономика жөніндегі Сарапшылар кеңесін құру мәселесін қарап, Ресей Федерациясының ТМД-ға төрағалық ету барысы туралы ақпаратты тыңдады және ТМД ПАА жұмысының 2018 жылға арналған жоспарын талқылады.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының оныншы отырысы барысында  терроризмге және трансшекаралық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық заңнаманы жақындастыру, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету, ақпарат саласындағы құқық бұзушылықпен күрес  мәселелері талқыланды. ҰҚШҰ ПА 13 үлгі заңды қарады.

Қазақстан Сенатының өкілдері «Дінаралық және ұлтаралық үнқатысу арқылы мәдени алуандық пен бейбітшілікті ілгерілету» тақырыбымен өткен  Парламентаралық одақтың 137-ші Ассамблеясына (ПАО) қатысты. 150 елдің делегациясын қабылдаған ПАО –173 мемлекеттің заң шығару органы мен 11 ұйымын біріктіретін тарихы бай халықаралық ұйым.

ПАО Ассамблеясының қорытынды отырысында «Демократия: біздің әр алуандығымыздың ортақтығы туралы жалпыға бірдей декларациясының қабылдануының 20 жылдығына» қарары қабылданды.

Айта кетейік, Қазақстан делегациясының құрамында сенатор Сергей Ершов пен Ерік Сұлтанов та болды.