28 Қазан, 2011

Үш заң да қабылданды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше болған Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысында үш заң жобасы қаралды. Палата қарауына ұсынылған алғашқы жоба Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы болды. Бұл құжатты ратификация­ла­ған депутаттар Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Біріккен Араб Әмір­ліктері арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады. Бұл келісімге 2009 жылғы наурыз айында Абу Дабиде (БАӘ) қол қойылған болатын. Заң жобасы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы мен Біріккен Араб Әмірлік­те­рінің құзыретті органдары ара­сындағы ақпарат алмасу және қылмыстарды тергеуде құқықтық көмек көрсету жөніндегі заңдық негіздерді орнықтыруға бағыт­та­лып отыр. Келісім ережелеріне сәйкес енді қатысушы тараптар қылмыстық істер бойынша іс жүр­гізу өндірісінде бір-біріне кө­мек көрсете алады. Отырыста сондай-ақ «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне уәкілетті ор­ган­дардың мемлекеттік және бюд­жеттік жоспарлау жөніндегі құ­зы­ретінің аражігін ажырату және бюд­жет процесін жетілдіру мәселе­ле­рі бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу тура­лы» заң жо­ба­сы да қабылданды. Бұл бюджеттік процестерді жетілдіруге байланыс­ты бюджеттік инвести­ция­ларды жү­зеге асыру рәсімдерін оңтай­лан­дыру жөнін­де­гі норма­лар­ды заң­на­малық тұрғыдан бекітуді көздейді. Заң жобасы бой­ын­ша депутат­тар­дың сауалдарына Эко­номикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов жауап берді. Отырыста, сонымен бірге, Қ.Айтаханов, Б.Жылқышиев, В.Ред­кокашин, А.Савченко, О.Рахманбердиев, М.Бортник, Ж.Төре­гел­ди­нов өздерін толғандырған мә­се­лелерге орай депутаттық сауал­дарын жария етті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.