Қазақстан • 20 Қазан, 2017

Жеңісті жолдар жалғасы

234 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күз солтүстікқазақстандық спорт­шылар үшін өте табыс­ты мау­сым болды. «Надеж­да» әуесқой­лар клубының мү­шесі Әскер Қожа­нов Ас­тана қаласында өткен «Self Transcendence – өзіңді-өзің ба­ғын­дыру» ультрамарафонында 70-ке жуық желаяқты шаң қаптырып, 204 шақырымдық қашықтықта алдына жан салмады.  

Жеңісті жолдар жалғасы

Суретті түсірген: Талғат ТӘНІБАЕВ

Ол 16 жылдың ішінде 85 марафонға қатысып, 9 мәрте кубок, 29 медаль иеленді. Ендігі арманы – Гиннестің рекордтар кітабына ену. Іле-шала «Алматы туры-2017» халық­аралық жарысының 4 дүр­кін же­ңімпазы Алексей Луценко «Вуэльта Испания» велокөпкүндік жарысының бесінші кезеңінде жеңістің ең биік тұғырына көте­рілді. «Тур де Франс-2017» таныс­ты­рылы­мына шақырту алды. Жақ­сы хабар­дың ізі суымай жатып Ашғабадта өткен Азия ойындарында велошабан­доз Артем Захаров тректе жеңім­паз, омниумда күміс, жеңіл атлетші Михаил Литвин 400 метрге жү­гіруден қола жүлдегер атан­са, балуанымыз Данияр Кәленов алтыннан алқа тақты.

Зілтемірші Айдар Қазов­тың ай­шықты асуы неге тұрады! Оның Тай­пэй қа­ласында әлемнің 142 елінен 7 мыңға жуық спортшы қатыс­қан студенттердің ХХІХ дү­ниежүзілік Уни­вер­сиада­сындағы топ жарған зор табысына аймақ басшысы Құмар Ақсақалов та ортақтасып, арнайы қабылдады. Ауыр атлет­шіні еліміздің көк байрағын жел­біреткен айтулы жеңісімен құт­тықтап, ақшалай сыйлық табыс етті. «Жеңіс жо­лы қа­шанда ауыр. Тайпэйде серпе көтеруден үштікке еніп, жұл­қа көтеруде Канада мен Ресей зілтемір­шілері бағындыра алмаған 186 кило­ны көтеріп, алтын тағдыры аса та­ртысты жағ­дайда шешілді. Ең мық­ты қар­сыласым – Рио жаз­ғы Олим­­пиадасының чемпионы Ниджат Рахимов. Алда серпе көтеру нәтижесін жақ­сарту мін­деті тұр», деген болатын БАҚ өкілдеріне бер­ген сұхбатында. Ауыр атле­тика­дан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ке­ңесші-бапкері Энвер Түр­кіле­ридің «Айдардың бойында Олим­пиада чемпионы атануға қажетті қасиеттердің бәрі бар» деген пікірін ескеретін болсақ, жарқын жеңістермен қуантары сөзсіз.

Данияр Кәленов жайлы сөз бөлек. Азия құрлығының кіл мық­тылары жиналған бәсекеде балуандар арасынан ол ғана ел қоржынын алтын жүлдемен еселеді. Алғашқы белдесуде боз кілем иесін, яғ­ни түрікменстандық балуан­ды 5:0 есебі­мен ұтып, келесі айналымда қы­­тай­лық­ты 8:0 есебімен ойсырата жеңді. Жар­тылай финалда Өзбек­стан намысын қорғаған қан­дасымыздан айласын асырса, ақтық жекпе-жекте иран­дықты қапы қалдырды. Мұның алдында ел чемпионатында қола, Грузиядағы Гран-при жарысында бірінші орын алған болатын.

Ел намысын абыроймен қор­ғап, мерейін асырған спорт саңлақ­тарын жуырда өт­кен марапаттау рәсімінде Түрікменстан жерінде үш жер­­лесіміздің жеңіс тұ­ғы­рына көте­рілгені атап айтыл­ды.

– Спорт – денсаулықты жақ­сартатын, саламатты өмір салтын қа­лыптастыратын, адамдарды бірік­тіретін, достастыратын ма­ңызды шара. Облысымызда бұл салаға үлкен көңіл бөлініп келе­ді. Бюджеттен қомақты қаржы қарас­тырылып, сәулетті нысандар салыну­да. Бүгінгі таңда 170 мыңнан астам тұрғын 3 мыңға тарта спорт ғима­рат­тарында жаттығады, дей келіп, Құмар Іргебайұлы, Артем Заха­ров пен Михаил Литвинге 1 миллион және 500 мың теңге мөлшерінде ақшалай сый­лықты, ал Данияр Кәленовке пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсырды.

Олардың бапкерлері де түрлі марапаттарға ие болды.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы