Халықаралық орнитологтер одағының деректері бойынша, 2017 жылдың сәуірі соңына дейін құстардың 10681 түрі белгілі болып отыр. Ал Хирт Сапанохенің есебінде 7200 құс түрі бар. Бұл кенді Алтайдағы Қара Үбенің сағасынан іздеген нысаны шетелдік ғалымның Қазақстанның шығыс өңірінде кезігуі мүмкін деген жорамалы дөп келді. Бельгия мен Нидерланд елінен жасақталған Әуесқой құсты бақылаушылар тобы белгілі биолог Хирт Сапанохенің жетекшілігімен Қазақстанға арнайы сапармен келген болатын. Алдымен танымал ғалымның жетекшілігімен 16 әуесқой құс бақылаушылары Қорғалжын қорығында болды. Содан Шығыс Қазақстандағы Катонқарағайға сапарлауға жол түскен. Риддер қаласының маңындағы «Қара Үбе» демалыс базасының аумағында іздеген құстарын тапты. Біздің елімізге орнитологиялық туризммен келген құс бақылаушылар құстың 191 түрін көруге мүмкіндік алды. Бұл сапардың негізгі мақсатына айналған қызылмойын бұлбұл құсты (Luscinia calliope латынша) іздеп, осы өңірге келген. Бұл сапар да табыссыз болған жоқ, есесіне 191 құсты көрді. Әуесқой бақылаушылар Катонқарағай ұлттық паркін ғажап өңірге енгендей болып армансыз аралады. Бельгиялық ғалым биолог Хирт Сапанохе әңгімелегендей, «Бұл өңірде кезіккенімізге қуаныштымыз, негізі қызыл мойын бұлбұл құсты Үндістаннан, Гималай тауларынан, Тайландтан кезіктіруге болады. Амандық болса әлі де жол түсер деген ойдамын, Балқаш көлінің маңайында сексеуіл бұталарына қанып алып, құйқылжытқан қызылмойын бұлбұл құстарды көруді жазсын деп тілейік, екі елдің достығына шын көңілден ризашылығымды білдіремін...». «Қазақстандағы далалық айқындауышта сұр торғай (Emderiza spodocephala) байыпталған екен. Бұл бірде Зайсан қазаншұңқырында кезіккен (Заселеский, 1931), Ташкент жағында ұшып бара жатып екі рет ұшырасқан, Н.А.Зарудный (Cәуір, 1912, қазан 1913)», деп жазады «АиФ» газеті.
Әзірге көгілдір бұлбұл құсты көре алдыңыз ба? Айналаңыздан бағамдай жүріңіз, бәлкім аңғарып та жүрген шығарсыз! Табиғат байлығы, шіркін, құсқа да ауып тұрады екен-ау!
Таңданбай көріңіз... бельгиялық құс бақылаушылар десанты біздің өлкемізге құс көруге келді. Қалай таңырқамайсыз...
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ