Қазақстан • 20 Қазан, 2017

Көңіл көктемі

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Екеуміз автобекетте қош­тасып тұрдық. Ол облыс орта­лығына жақын қалаға – Үштөбеге барады. Ал менің Алматыға қайтуым керек. Кассадан билет алатын кезде екеуміздің арамызда күтпеген бір сауал туды. «Кім кімді шығарып салуы керек?..»

Көңіл көктемі

Өйткені екі қалаға да автобус жиі қатынайды. Алматыға сағат сайын, ал Үштөбеге әрбір жарты сағат­та...

«Әрине, мен сені шығарып салуым керек», деймін оған. Себебі бұл қай заманда да ер жігіттің міндеті емес пе.

Бірақ, ол басын шайқап, келіс­пейді.

«Мен сізді шығарып салайыншы», деп сыбырлайды құлағыма.

«Неге?»

 «Егер мен кетіп қалсам... сіз осында қалып қойғандай бола­сыз да тұрасыз. Сонсоң Талды­қорғанға келген сайын сізді іздеп, авто­бекет жаққа қарап алаңдай беремін...»

Ол кезде біз жап-жас едік. Бірақ менің отбасым, екі балам бар болатын. Қара басып ертерек үйленіп қойғам ғой. Еһ!.. Кеш кезіккен махаббат... Естен шық­пайды...»

Маған бұл хикаяны айтып отырған ағайымның жасы алпыс екіде. Сонда да болса, оның көңілінде қазір көктем туып, құстар шулап жатқандай...

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»