Үкімет • 20 Қазан, 2017

Сағынтаев Дүниежүзілік ұйымының бас директорымен кездесті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының (ХЭБ) бас директоры Моник Элуамен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Сағынтаев Дүниежүзілік ұйымының бас директорымен кездесті

Кездесу барысында та­рап­тар Қазақстанның ветери­нар­лық жүйесін дамыту, Аста­нада аусыл бойынша ХЭБ суб­өңір­лік үйлестіру кеңсесінің қыз­мет­­терін кеңейту, сонымен қа­тар аталған кеңсе жанынан ау­­сыл бойынша вакциналар бан­­кін құру мәселелерін талқы­лады. 

Талқылау қорытындысы бо­йынша тараптар өңірлік деңгейде трансшекаралық ауру­лармен күрестің бірың­ғай тәсілдері мен стратегия­ларын әзірлеу бойынша ынты­мақ­тастықты жалғастыру тура­лы, сондай-ақ ХЭБ сарап­шы­лары­ның белсенді атсалысуы арқылы трансшекаралық аурулармен күресте Орталық Азия елдерінің ветеринарлық қызметтерінің ынтымақтастығын нығайту туралы келісімге келді.