Қазақстан • 20 Қазан, 2017

Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. 

Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Кеңес отырысында Кәсiп­кер­лiк кодексiн қолдану практикасы және кәсiпкерлiкті дамыту үшiн кедергілерді жою және кәсiпкерлердің құ­қық­тарын қорғауды күшейту жө­нiндегi қолданылатын шаралар туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселелер бойынша Ұлттық экономика ми­нистр­лігінің ақпараты тыңдалды.

Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қа­рай жетілдіруде ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі