Қазақстан • 20 Қазан, 2017

Владимир Божко Нұрсұлтан Назарбаевқа латын әліпбиіне қатысты хат жазды

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа

Владимир Божко Нұрсұлтан Назарбаевқа латын әліпбиіне қатысты хат жазды

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі республикалық кеңе­сінің 2017 жылғы 26 қыркүйекте өткен отырысында этномәдени бірлесу, қазақ тілінің латын әліппесіне көшу мәселелері тал­қыланды.

Бұл үдеріс ешбір этномәдени бірлестікті бей-жай қалдырған жоқ. Біз алда тұрған міндеттің қиындығын, ерік-жігердің, шы­дамның қажеттігін, елде тұрақты және сенімді қоғамдық, әлеу­­меттік және саяси ахуал қалып­тастырудың маңыздылығын жақ­сы түсінеміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы, «Қазақ­стандағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» әдеттегідей біздің қоғамда бей­бітшілік пен келісім орнату барысында сізге толық қолдау көрсететініне сенімді болыңыз. Сіздің латынға көшу жөніндегі бастамаңызды бәріміз қолдаймыз.

Жүздеген этностардың мә­дениетін, дәстүрін және күн­делікті өмір салтын енгізу мен бір-бірін толықтыруы қазақ­стандықтардың қайталанбас рухани байлығына қол жеткізуге, этносаралық бірегей мәдениетті қалыптастыруға Елбасымен бірге үдемелі дамуға мүмкіндік берді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның барша жетістігін анықтап, Үшінші жаңғырту тапсырмаларын тиімді шешудің іргетасына айналды.

Латынға көшу қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңғырту оның барша мүмкіндігін байланыс құралы ғана емес, рухани жаңғыру барысында ұлттық бірегейлікті күшейтуге оңтайлы пайдалануға жағдай жасайды.

Сіздің бастамаңыз қазақстан­дық­тардың орыс тілінен бас тартуын білдірмейді. Орыс тілі қазақ тілімен бірге ресми қол­даныста қала бермек. Оның жан-жақтылығы мәдениет пен өр­кениетті жақындастыратын мәдениетаралық диалог қалып­тастырады.

Барша қазақстандық этнос­тар­дың міндеті латын әліпбиіне көшу үдерісіне ілесу үшін, оны бекіткен күннен бастап мемлекеттік тілді жедел меңгеру деп есептейміз.

Біздің көзқарасымыз осы. Бұл – біздің айнымас пікіріміз. Бұл – біздің бағы­тымыз. Осы орайдағы жұмыстарды «Қазақ­станның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің республикалық кеңесі бүкіл деңгейлерінде, еліміздің барша аудандарында және ғылыми-тәжірибелік қауымдастықтарда жүргіземіз.

Біз қоғамдық келісімді сақтау және күшейту мақсатында қолы­мыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге денсаулық, табыс және Мәңгілік елдің біртұтас ұлты болу жолында бүкіл жақсылықты тілейміз.

«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан Владимир БОЖКО