Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Атырау облысынан 82 902 адам барған. Бұл - республика бойынша жоғары көрсеткіш.
Атырау облысы әкімі аймақта «Жасыл энергия» технологиясы бойынша жалпы сомасы 140,218 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты. Олардың бәрі де ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде назарға ұсынылды.
Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер бойынша аймақта 1,6 млрд теңгеге 106 жоба жүзеге асырылатынынан хабарлады. Оның 1,088 млрд теңгесі – кәсіпкерлердің демеушілік қаражаты.