Аймақтар • 21 Қазан, 2017

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы кеңейтілген мәжіліс өткізіп, 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

Филиал директоры Нұрғали Ақмұратовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері «Атамекен» ҰКП-ның Ордабасы аудандық филиалына кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында 69 өтінім арыз түскен. Оның 40 өтініші - бизнес-жобаларға қаржы қарастыруға қатысты. Бизнес-жобаларды қаржылай қолдау мақсатында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 7 жоба 35 млн 700 мың теңге , «Ырыс» МҚҰ арқылы 29 жоба жалпы сомасы 100 млн 400 теңге, «Агро несие серіктестігі» АҚ арқылы 1 жоба 9,0 млн. тг., «Максимум» АИО» ЖШС арқылы 2 жоба 69,0 млн.теңге бөлінген. Екінші деңгейлі банк «АТФ» АҚ арқылы 1 жоба 35,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Жаңадан іске қосылып отырған «Бастау бизнес» жобасы бойынша ауданда 151 жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған, сертификат иеленген. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске асып отырған «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 87 кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін қысқа мерзімді оқыту курсы өткізіліп, сертификаттар табысталды.

Бүгінгі таңда Ордабасы ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны - 9 869 нысан. Осы құрылымдар бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 20 918 адамға жетеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.