Аймақтар • 21 Қазан, 2017

Мешітті тонаған азамат ұсталды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында мешіт тонаған азамат ұсталды.

Мешітті тонаған азамат ұсталды

Қыркүйек айында мешіт қызметкерлері имандылық үйінен тұрмыстық заттардың ұрланғанын полицияға хабарлаған болатын. Күдікті Сарыағаш ауданының 1981 жылы дүниеге келген азаматы екен. Жедел іздестіру жөніндегі полицейлер оның бұрын сотты болғаннын анықтаған.

Ал, ОҚО ІІД баспасөз қызметі ұсталған азаматтың бұған дейін сегіз рет ұрлыққа түскенін мойындағанын айтады.

Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.