Бокс • 22 Қазан, 2017

Жанат Жақиянов жеңіліп қалды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов чемпиондық титулы сарапқа салынған жекпе-жекте жеңіліп қалды.

Жанат Жақиянов жеңіліп қалды

Жақиянов (27-1, 18 КО) Райан Барнеттпен (17-0, 9 КО) болған жекпе-жекке жеңіл салмақта WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тіккен еді.

Ол бұл белдікті биыл ақпан айында Роши Уорреннан (15-2, 4 КО) жеңіп алған болатын. Ал ирландиялық боксшы болса шілде айында ғана иеленген IBF чемпиондық белдігін тіккен-ді. Осылайша Жақиянов чемпиондық белдігінен айырылып қалды.