Биылғы астық шығымы жаман емес, гектарына 12,8 центнерден айналған астықтың жалпы көлемі 5,1 миллион тоннаға жеткен. Алайда, өңірдегі шаруалар астықтарын элеваторларға өткізе алмай әуре-сарсаңға түсіп жатқаны да рас болып шықты.
«Кеше ғана элеваторларға барып, қалыптасқан жағдаймен танысып қайттым. Барлық жерде астық таситын вагондар жетпей жатыр. Дегенмен, элеваторлар қазірдің өзінде біраз астықты қабылдап үлгерді. Енді он күн ішінде шаруалардағы бар астықты қабылдап алуға мүмкіндік бар. Жалпы, бұрындары біз элеваторлардан артығымен астық қабылдауды сұрайтынбыз, ал қазір заң талабы басқаша. Нақты айтқанда, бұл күнде электронды астық қолхаты бойынша паспорттық сыйымдылыққа сәйкес астық көлемін қабылдау қолға алынған. Яғни, паспорттық сыйымдылыққа сәйкес 100 мың тонна бидай қабылдау керек болса, элеватор өзінде бар астықты басқа жаққа жөнелтпейінше артығын қабылдай алмайды», дейді Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы Әскербек Әбуов.
Оның айтуынша элеваторлардан қабылданған ауылшаруашылық дақылдарының сапасы мен көлемі, өзге де көрсеткіштері бойынша әрбір үш күн сайын басқа ақпарат келіп түседі. Әрине заңдық нормалармен өмірдің барлық қалтарыстары мен бұлтарыстарын қамту мүмкін емес. Сондықтан бұл жерде шаруалардың өздері дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Мысалы, Атбасардағы 140 мың тонна астық қабылдап алған «Ламатиз» астық қабылдау бекетінен артық көлем әкетілмесе, бекет жұмысы уақытша тоқтап қалуы мүмкін. Ал одан 30 шақырым қашықтықта жатқан «Маринск» АҚБ астық қабылдауды әлі жалғастыруда. Алайда шаруалар жолдың қашықтығын алға тартып, көлік тасымалы шығындарына барғысы жоқ. Элеваторлар артық көлемді қабылдай алмайтын заңдық талапты алып тастамасақ, онда астықты сақтап қалу үшін артық шығынға баруға тура келеді.
«Элеваторға өткіздім деген аты болмаса, артық астық бәрібір ашық аспан астында жатады. Менің білуімше, астығын өткізе алмай жүрген шаруалар онша көп емес. Бұл мәселе бойынша «Қазақстан темір жолы» АҚ бірлесе астық тасымалына қажетті вагондардың жетіспеушілігі жөнінде жиын да өткіздік. Тіпті оған тасымалға жауапты директор да шақыртылды. Олар астық тасымалдайтын вагондардың жеткізілетіндігіне сендіргенімен, көріп отырғанымыздай уәде орындалмай жатыр. Әрбір элеваторда тапсырыс жеткілікті, бірақ вагондармен қамтамасыз етілуі көңіл көншітпейді», деп отыр Ә.Әбуов.
Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі айтқандай, бұрындары да вагондардың жетіспеушілігі сезілетін, бірақ биыл жағдай күрделірек. Биыл соңғы он жылда алғаш рет бидай құрғақ күйінде жинап алынған. Басқарма элеваторлармен күнделікті хабарласып отыр. Олар қажетті көлемдегі астық жиналғанын, сондықтан қабылдауды тоқтататындарын алға тартуда.
Кейбір жер өндеумен айналысатын ірі компаниялардың өз астық таситын вагондары бар екен. Бірақ олардың вагондарының да кері қайтуы қиынға соғуда. Иранға астық тиеп жөнелтілген вагондар портта қаңтарылып тұр. Өйткені астықты құйып алатын жақ кешіктіріп жатқанға ұқсайды. Моңғолиямен де өзара келісімшарт бар, бірақ тасымалмен қамтамасыз ету жағы ақсап тұр. Элеваторлардан арту жағынан ешқандай проблема жоқ, уақытты тек вагондар ұстап тұр. Тасымал вагондары болмағандықтан көптеген келісімшарттар бұзылуы да ғажап емес.
Егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы бұл туралы: «Оларға менің тасымал вагондарым болмай қалды деп ақтала алмайсың. Келісімшарт болған соң оны орындау шарт. Соның салдарынан баға демпингі орын алуы да мүмкін. Себебі қараша, желтоқсан айларында несие қарыздарын өтеу уақыты келеді. Шаруалар қамырлылығы 25-28 пайыз болатын астықты 23-тің көрсеткішімен сатқысы жоқ. Бірақ сатуларына тура келеді. Бұл бізді алаңдатуда. Егер тасымал вагондарымен қамтамасыз етілсе, жағдай біршама тұрақтанар еді», дейді.
Жалпы, Ақмола облысының астық қабылдау бекеттерінен экспортталатын елдердің қатары қалыпты. Астықтары ең алдымен Орталық Азия елдеріне шығарылады. Содан кейін Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қытай, Ресей елдеріне жөнелтіп жатыр. Ең көп астық көлемін, яғни 279,8 мың тонна бидайды Тәжікстан сатып алған. Еліміздің өзге өңірлеріне де биыл 680 мың тонна астық жіберіпті.
Бұған дейін жоғары сапалы бидай Ақмола облысында ғана болса, биыл өзге өңірлерде де ол арта түскенін айта кетейік. Оның үстіне Ресейде егіннің бітік шығуы, сол сияқты Украинадағы жақсы көрсеткіштер бәсекені қыздыра түскені шындық. Сол себепті сатып алушы елдер мен өңірлер қатары кеми түскені рас. Биыл Ақмола облысы арпаны молынан екті. Бұл Иранның еркін сауда нарығында арпаға деген сұраныс жоғарылағанымен байланысты. Өндірілген арпа сонда экспортталып жатыр.
«Мен көптеген элеваторларда болдым. Ондағы жиналған арпа астық трейдерлері тарапынан толығымен сатып алынған десем қателеспеймін. Сол сияқты рапс пен бидай бойынша да көптеген келісімшарттар жасалып қойылған. Бізде жоғары сапалы «хайпо» бидайын сату үшін келісімшарт жасауда аздаған проблема бар. Қытай белгілі бір бөлігін алып келеді. Жыл басынан осындай жоғары сапалы 10 мың тонна бидайды сата алдық», дейді Ә.Әбуов.
Жалпы, Ақмола облысы халқының тыныс-тіршілігі астық экспортымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары майлы дақылдар экспорты да жолға қойыла бастады. Үш-төрт жылдың көлемінде өңірде егіннің шығымы тұрақталып, өнімнің сапасы артып келе жатқанын да айта кету керек. Жыл сайын жиылған өнім көлемі 5 млн тоннадан түспей келе жатқаны қуантарлық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы айтқандай, егін шығымының тұрақталғаны бірінші кезекте, жер өңдеу сапасының артқанымен және агротехниканың жетілдірілуімен байланысты. Оған қоса, ауылшаруашылық өнімін өндірушілер бидай тұқымының сапасын арттыру үшін көп жұмыс атқаруда. Соның арқасында биыл жалпы егістік алқабының 5 пайызына элиталы тұқым себілген. Дегенмен, жиылған астықты кәдеге жаратуда әлі де проблемалар бар екені байқалады. Облыс шаруаларының алаңдаушылығы осыны көрсетіп отыр.
Кейбір жер өндеумен айналысатын ірі компаниялардың өз астық таситын вагондары бар екен. Бірақ олардың вагондарының да кері қайтуы қиынға соғуда. Иранға астық тиеп жөнелтілген вагондар портта қаңтарылып тұр. Өйткені астықты құйып алатын жақ кешіктіріп жатқанға ұқсайды. Моңғолиямен де өзара келісімшарт бар, бірақ тасымалмен қамтамасыз ету жағы ақсап тұр. Элеваторлардан арту жағынан ешқандай проблема жоқ, уақытты тек вагондар ұстап тұр. Тасымал вагондары болмағандықтан көптеген келісімшарттар бұзылуы да ғажап емес. Егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы бұл туралы: «Оларға менің тасымал вагондарым болмай қалды деп ақтала алмайсың. Келісімшарт болған соң оны орындау шарт. Соның салдарынан баға демпингі орын алуы да мүмкін. Себебі қараша, желтоқсан айларында несие қарыздарын өтеу уақыты келеді. Шаруалар қамырлылығы 25-28 пайыз болатын астықты 23-тің көрсеткішімен сатқысы жоқ. Бірақ сатуларына тура келеді. Бұл бізді алаңдатуда. Егер тасымал вагондарымен қамтамасыз етілсе, жағдай біршама тұрақтанар еді», дейді.
Жалпы, Ақмола облысының астық қабылдау бекеттерінен экспортталатын елдердің қатары қалыпты. Астықтары ең алдымен Орталық Азия елдеріне шығарылады. Содан кейін Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қытай, Ресей елдеріне жөнелтіп жатыр. Ең көп астық көлемін, яғни 279,8 мың тонна бидайды Тәжікстан сатып алған. Еліміздің өзге өңірлеріне де биыл 680 мың тонна астық жіберіпті.
Бұған дейін жоғары сапалы бидай Ақмола облысында ғана болса, биыл өзге өңірлерде де ол арта түскенін айта кетейік. Оның үстіне Ресейде егіннің бітік шығуы, сол сияқты Украинадағы жақсы көрсеткіштер бәсекені қыздыра түскені шындық. Сол себепті сатып алушы елдер мен өңірлер қатары кеми түскені рас.
Биыл Ақмола облысы арпаны молынан екті. Бұл Иранның еркін сауда нарығында арпаға деген сұраныс жоғарылағанымен байланысты. Өндірілген арпа сонда экспортталып жатыр. «Мен көптеген элеваторларда болдым. Ондағы жиналған арпа астық трейдерлері тарапынан толығымен сатып алынған десем қателеспеймін. Сол сияқты рапс пен бидай бойынша да көптеген келісімшарттар жасалып қойылған. Бізде жоғары сапалы «хайпо» бидайын сату үшін келісімшарт жасауда аздаған проблема бар. Қытай белгілі бір бөлігін алып келеді. Жыл басынан осындай жоғары сапалы 10 мың тонна бидайды сата алдық», дейді Ә.Әбуов.
Жалпы, Ақмола облысы халқының тыныс-тіршілігі астық экспортымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары майлы дақылдар экспорты да жолға қойыла бастады. Үш-төрт жылдың көлемінде өңірде егіннің шығымы тұрақталып, өнімнің сапасы артып келе жатқанын да айта кету керек. Жыл сайын жиылған өнім көлемі 5 млн тоннадан түспей келе жатқаны қуантарлық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы айтқандай, егін шығымының тұрақталғаны бірінші кезекте, жер өңдеу сапасының артқанымен және агротехниканың жетілдірілуімен байланысты. Оған қоса, ауылшаруашылық өнімін өндірушілер бидай тұқымының сапасын арттыру үшін көп жұмыс атқаруда. Соның арқасында биыл жалпы егістік алқабының 5 пайызына элиталы тұқым себілген. Дегенмен, жиылған астықты кәдеге жаратуда әлі де проблемалар бар екені байқалады. Облыс шаруаларының алаңдаушылығы осыны көрсетіп отыр.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы