Қазақстан • 23 Қазан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентін дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтады

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентін дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтады

«Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы екіжақты шарттың аясында және соның ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады.

Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудің сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудың маңызды бөлігі болып саналады.

Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғаны маңызды», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне зор денсаулық, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру жолында толағай табыс тілеп, достас Ресей халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, өз кезегінде Владимир Путин де Нұрсұлтан Назарбаевты дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтап, жеделхат жолдады