Қазақстан • 23 Қазан, 2017

Бизнеске 122 әлеуметтік жоба ұсынылды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне еліміздің барлық өңірлері қатысты. Қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдау аяқталды, үкіметтік емес ұйымдар ұсынған жобалармен asar2017.kz сайты арқылы танысуға болады.   

Бизнеске 122 әлеуметтік жоба ұсынылды

Аталған жәрмеңкенің мақ­саты – коммерциялық емес ұйым­дардың және кәсіпкерлердің қоғамның әлеуметтік мәселе­лерін шешуде өзара іс-қимы­лын күшейту, бизнестің әлеумет­тік жауапкершілігі тәжірибесін дамыту болып табылады. Жәрмеңке үкіметтік емес ұйымдардың қа­зақ­стандық кәсіпкерлер үшін әлеу­меттік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын ұсынуға бірегей мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеге ең көп өтінім­дер Павлодар (20), Қостанай (17), Оңтүстік Қазақстан (12) облыстарынан және Астана қаласынан (13) келіп түскен. Отандық кәсіпкерлер және қызығушылық танытқан кез келген тұлға asar2017.kz сайты арқылы ҮЕҰ ұсынған жобалармен толық танысып, оларды жүзеге асыруға қолдау көрсете алады. Кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапқан ең табысты ҮЕҰ жобалары 2017 жылғы 30-31 қазанда Атырау қаласында өте­тін «Асар» атты үшжақты серіктестік форумында таныстырылады. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ая­сында өтеді және ҮЕҰ, бизнес және мемлекет үшін жыл са­йынғы сұхбат алаңына айналады.

Аталған форум Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен  ұйым­дастырылып отыр.

«Егемен-ақпарат»