Қазақстан • 24 Қазан, 2017

Атырауда құқық қорғау орталығы ашылды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрын атырау­лық­тар заң сала­сын­дағы әртүрлі құры­лым­дарға бару үшін қаланы шар­лап шыға­тын. Бір-бірінен алыс орналасқан ме­ке­­мелер енді бір ор­талыққа жи­налды.­ 

Атырауда құқық қорғау орталығы ашылды

Құқық қорғау қыз­меттері орта­лығында білікті заң­герлер, адво­кат­тар мен медиаторлар, сот ­орындаушылары, нотариус­тар, ювеналды қызмет, проба­ция қыз­меткерлері жұмыс іс­тейді. Про­ку­­рорларға өті­ніш айта келген аза­маттар да ша­руасын осы жерден ше­ше алады. Облыстық прокура­тура мен жергілікті атқарушы ор­ган­ның қолдауымен құрыл­ған жа­ңа мекеме қала тұр­ғын­дарына тегін қыз­­мет көрсетеді. Ашы­лу салтанатына қатыс­қан облыс әкі­­­мі Нұр­лан Ноғаев: «Ел­ба­сы­мыз­дың қа­зақ­стан­дық­тарға қыз­мет көр­­сетудің сапасын арт­тыру және құ­қық қор­­ғау органдарының қыз­мет көрсетуіндегі ашықтықты қам­та­ма­сыз ету жөніндегі тап­­­­­сырмасына сәй­кес бір­қатар шара ат­қарылып жа­тыр. Бұл орталық халыққа са­­­палы қызмет көр­­­сетеді деген се­нім­­демін»,  деді.

Облыс прокуро­ры Ернат Сы­­бан­­­құ­­лов­­­тың айтуын­ша, ор­та­лықта тұр­ғын­­­дар­дың бейне­өті­нішін қабылдау мүмкіндігі де қа­рас­­тырылған. Ал балаларымен келгендер сәби­лерін ар­найы ойын бөлмелеріне қал­дырып, жұмыс­та­рын алаңсыз бітіре алады.

 

 

 Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

 АТЫРАУ