Қазақстан • 24 Қазан, 2017

Грозныйда IX Халықаралық бишілер конкурсы өтті

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Чешенстан Мәдениет минис­тр­лігінің қолдауымен Грозный қаласында әйгілі биші, аты аңызға айналған Махмуд Эсамбаев атындағы IX Халықаралық бишілер конкурсы өтті. Аталмыш конкурсқа Ресей, Грузия, Татар­стан, Беларусь, Қалмақ Республикасы, Солтүстік Осетия-Алания, Дағыстан сынды 16 елдің өкілдері қатысты.

Грозныйда IX Халықаралық бишілер конкурсы өтті

Қазақстанның атынан Мәде­ниет және спорт минис­трлігінің қолдауымен «Салтанат» би ансамблінің белді әртісі Ернұр Қарықбол қатысты.

Ернұр Қарықбол жеке би ата­лымында «Моңғол» және «Аққу» билерін орындады. Шет­­елдерден келген орындау­шы­лардың ше­бер­лігіне қара­мастан, ол өте жо­ғары кәсіби тех­никалық дең­гейде орындауы­мен қа­зылардың көзіне ерекше түс­ті. Осылайша Ернұр Қа­рық­­бол Махмуд Эсамбаев атын­дағы IX Халықаралық би­шілер конкурсының Гран-при жүлдегері атанды.

Жүлдені Чешен Респуб­ли­касының президенті Рамзан Қадыров өз қолымен табыстады. Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі Ернұр Қарықболдың орын­­дауындағы «Моңғол» биі­мен аяқталды.

Ернұр Қарықбол «Сал­та­нат» би ансамблінің көр­кем­дік же­текшісі – бас балетмейс­тер, «Құр­мет» және «Па­расат» ор­ден­­дерінің иегері, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Гүл­сәуле Орумбаеваның шә­кірті.

 

«Егемен-ақпарат»