Үкімет • 24 Қазан, 2017

Қазақстан мен ЭЫДҰ Мемлекет басшысының Жаңғырту 3.0 аясында ынтымақтастықты талқылайды

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы – 2017» форумының ашылу салтанатына қатысып, шара қатысушыларына алғы сөзін арнады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Қазақстан мен ЭЫДҰ Мемлекет басшысының Жаңғырту 3.0 аясында ынтымақтастықты талқылайды

Қазақстаннның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы 2008 жылдан бастап  Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (ЕББ) аясында жүзеге асуда. Бағдарламаның қатысушылары — Кавказдың, Шығыс Еуропаның және Орталық Азияның 13 елі.

ЕББ аясындағы ЭЫДҰ негізгі шарасы жыл сайынғы қорытынды шара — «Еуразия апталығы». Онда ЭЫДҰ-ға мүше 35 елдің өкілдері Еуразиялық континенттің серіктес елдерімен қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқылау үшін кездеседі. Өткен жылы Парижде өткізілген «Еуразия апталығының» қорытындысы бойынша Қазақстан 2017 жылы көшпелі отырыс өткізетін ел ретінде таңдалды.

Бүгінде шараға ЭЫДҰ елдерінің елшілері мен министрлері, ЕББ-ның 13 елінің үкіметтері мен мемлекеттік органдарының мүшелері қатысуда. Сондай-ақ, форумға қатысу үшін ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриа келді. Ол ұйымға 2006 жылдан бастап басшылық етеді, өткен жылы 2021 жылға дейін үшінші мерзімге қайта сайланды. 

Бақытжан Сағынтаев форумның ашылу салтанатындағы сөзінде Қазақстан Еуразиялық кеңістікте экономика мен сауданы дамыту бойынша интеграциялық процестерге қолдау білдіретінін атап өтті. Осыған орай, республика Еуразиядағы әлеуметтік және экономикалық дамудың тұрақтылығын арттыруға, заманауи экспорттық саясатты құрып, ЭЫДҰ-мен тікелей ынтымақтастық орнату кезінде инновациялық кәсіпкерлік қызметін ынталандыруға үлесін қосуды одан әрі жалғастыруға ниетті.

ЭЫДҰ — демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаларына сәйкес өзара әрекет етуші, бәсекеге аса қабілетті елдердің халықаралық экономикалық бірлестігі. Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыруы аясында Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша алынған ЭЫДҰ-ның ұсыныстары мен үздік тәжірибелерін енгізу үшін Ұлттық жол картасының жобасы әзірленіп, бекітілді. 

Биыл ЭЫДҰ Елдік бағдарламаның 2018 жылдың соңына дейін әрекет етуін мақұлдады. Ол мемлекеттік сатып алулар, бюджеттік басқару, МЖӘ, сыни тегеуріндер, бизнесті өңірлік дамыту, салық салу және т. б. бағыттар бойынша 13 жаңа жобаны іске асыруды көздейді.