«Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанға жолымыз түскен болатын. Бұл жолғы гастрольдік сапарамызда үлкендер мен балаларға арнап үш спектакль ұсынып отырмыз», – дейді Р. Сагдиев.
Буа мемлекеттік драма театры биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Өнер ұжымында 78 адам қызмет етеді. Қызылжар өңіріндегі қойылымды сахналауға 14 әртіс жұмылдырылған.
Театрдың актрисасы Аниса Сагеева қазақ жеріне бірінші рет келіп отырса да, қонақжайлық, бауырмалдық қасиеттерге өте тәнті болғанын жеткізді. Тартысқа құрылған қойылымдарды көремендер қызыға тамашалады.
Театр Қытай, Израиль, Беларусь елдеріне гастрольдік сапарларға баруды жоспарлап отыр.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»