Аймақтар • 29 Қазан, 2017

Франция елшісі іссапармен Қостанайда болды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қызметін бастағанына көп уақыт болмаған Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэнің алғашқы сапарларының бірі Қостанайға түсіпті. 

Франция елшісі іссапармен Қостанайда болды

«Мен сіздердің өңірге келіп, танысу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Франция мен Қостанай облысы арасында ғылым, білім, тағы да өзге салаларда ықтымақтастық орнату  Қазақстанға да, Францияға да тиімді деп ойлаймын», деді  Филипп Мартинэ.

Елші облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Облыстағы белгілі ірі кәсіпорындарды аралады,  кен алыбы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінде болды.  Сонымен қатар Франциямен ықтымақтастық орнатқан Қостанай политехникалық  колледжінде қонақта болды, басқа оқу орындарының жетекшілерімен кездесті. Облыста техникалық және кәсіптік білім бойынша өткен конференцияға қатысты.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

 

Соңғы жаңалықтар