Қазақстан • 30 Қазан, 2017

Жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырады - ҰҒА академигі

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Респуб­ли­ка­­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліп­биін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойып, халқымыздың рухани кеңістігіне тарихи жол ашып отыр. Бұл заман талабынан туындап отырған кемел оқиға.

Жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырады - ҰҒА академигі

Бұл өзгерістен біз не кү­те­міз? Жалпы алғанда, латын гра­фикасы қазақ тілінің дыбыс­тық жүйесін табиғи қа­лыпқа тү­сі­ріп, жасан­дылыққа ұрынған арти­куляциялық базасынан арыл­туы тиіс.

Екіншіден, бұрынғы қы­рық екі әріптің саны қыс­қарып, жаңа­­дан мақұл­данған 32 әріп-ды­быс­тық әліпбидің ерек­шелігі, болашақта жазу сыйым­ды­­лығын арттыруға негіз болары анық.

Үшіншіден, жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырып, санамызды сілкінтіп, жадымызды жаң­­ғыртып, рухани бодандықтан құт­қарудың жолы болар деген үміт бар.

Осы орайда Елбасы өзі бастамашы болған рухани өзгерісті баянды іске асыру үшін арнайы комиссия құруды латын әліпбиіне көшудің ке­зеңдік бағдарламасын дайын­дауды Президентінің Әкім­шілігіне тапсырыпты. Осындай кемел де келелі іске тек сәттілік тілеуден басқа не айтуға болады.

«Көш жүре түзеледі» де­ген­дей, болашақта латын әліп­биіне бізден бұрын көшкен Түркия, Өзбекстан, Әзер­байжан, Түрікменстан секілді түркітілдес елдердің тәжіри­бесіне сүйене отырып, олардың жі­берген қате-кемшіліктерінен сабақ алуымыз қажет.

 

Мұхтарбай ӨТЕЛБАЕВ,

ҰҒА академигі