Әскер қатарына қабылданған жастар енді Десанттық шабуылдаушы бригадасы құрамында қызмет атқарады.
Салтанатты жиынға әскери мектеп тәрбиеленушілері, әскери-патриоттық клубтардың мүшелері, жауынгерлердің ата-аналары, облыс әкімдігінің өкілдері қатысты. Қапшағайдағы әскери бөлімнің №35-ші гвардиялық десанттық шабуылдаушы бригадасы штаб бастығының орынбасары, гвардия майоры Нұрғали Асқаровтың айтуынша, бригада құрамына бұл шақырушылар қатаң талаппен таңдалып алынған. Екібастұздық Рамазан Серікұлы әуе десанты құрамында қызмет етуді бала күнінен армандапты.
Енді ол элиталық әскер құрамында. Сонымен бірге, Ақтаудағы №25744 және Гвардейск кентінің №75263 әскери бөлімдеріне 100 шақырылушы аттанды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскер қатарына шақыру бөлімінің мәліметінше, шақырылушылардың арасында әскери-техникалық мектебінің үш айлық курсын бітіргендер де бар. Елімізде қазір қараша айында дейін күзгі әскерге шақыру шарасы жүргізілуде.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар