Қазақстан • 30 Қазан, 2017

Білекті жастар Азия кубогынан оралды

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оралдық жас спортшы Әнел Алшынова Азияның ашық кубогында армрестлингтен қола медалға ие болды. Тараз қаласынан жеңіспен оралған жерлесін оралдықтар теміржол бекетінен салтанатпен күтіп алды.

Білекті жастар Азия кубогынан оралды

Бұл – Әнелдің алғашқы ірі жеңісі. Бұл спорт түрімен айналысқанына екі жыл өткен Әнел бұған дейін Оралдың намысын облыстық және республикалық сайыстарда ғана қорғаған екен.

– Былтыр Қазақстан чемпионатында 22 спортшының арасынан 6 орынды місе тұтқам. Биыл Азия кубогына 14 елден спортшылар келді. Мен бақ сынаған 55 келің салмақтың өзінде 10 адам болды. Шынымды айтсам, жеңіске жетем деп ойлаған жоқпын, тек барымды салдым. Сол қолыммен өнер көрсеткенде ұтылып қалдым. Көңіл күйіп түсіп тұрған мені жаттықтырушым Рауан Амангелдиев жұбатып, келесі кезекке қайрап жіберді. Сол үшін рахмет айтамын! – дейді Әнел.

Аталған сайыста Батыс Қазақстан облысының намысын Қаратөбе аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қорғаған болатын. Фархат Қалиев +95 келі салмақта үшінші орынға ие болды. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасынан Есеней Жақыпов 75 келіде күміс медаль жеңіп алды. №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Кенжеқыз Қаупенова (65 кг) екінші орын алса, Әсел Жұмағамбетова 80 келіде екінші болды. 55 келіде өнер көрсеткен жанна Қазтуғанова қола медаль иеленді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында АРМ1 сайысынан Азон Шаймарданов үздік шықты.

Айта кетейік, Азияның ашық кубогіне Россия, Латвия, Болгария, Хорватия, Индия, Жапония, Қырғыстан, Тәжікістан, Өзбекстан, Иран, Германия, Греция, Чехия және Қазақстан спортшылары қатысқан еді.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Динара КЕНДІРБАЕВА

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30