Аймақтар • 31 Қазан, 2017

Павлодар облысы Железин ауданына жаңа әкім келді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көптен күткен әкім Қанат Қашкировтың кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бекітті. Жаңа әкімді аудан активіне таныстырған облыс әкімі Болат Бақауов оның алдына бірден жаңа міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.

Павлодар облысы Железин ауданына жаңа әкім келді

– Ауданда қолданылмай жатқан 50 мың гектар жер бар. Келер жылы облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 120 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бір апта ішінде осы мәселелерді қолға алыңыз, – деді Б. Бақауов.

Қанат Қашкиров 2011-2013 жылдары облыстық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып қызмет етті. Оған дейін индустрия және сауда департаментінде және кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде, соңғы екі жылда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментін басқарды.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар