Суретті түсірген: Гүлнәз Мақсұтқызы
Мақсаты – түрлі конфессиялардың діни бірлестіктері арасында мәдени-рухани байланыстарды кеңейту, діни бірлестіктер мүшелерін өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне белсенді тарту, қазақстандық қоғамда толеранттылық принциптерін нығайту.
Облыс дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкәриянов фестивальға қатысушыларды құттықтады. Фестивальды Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің өкілі Қуаныш Шарман Қасым Аманжолдың «Өзім туралы» әнімен бастады. Облыс орталығындағы «Благовещенск Кафедральды соборының» шәкірттері сахналық көрініс көрсетті. Әнші Евгения Лысова саксофонда «Ты моя надежда» атты шығарманы орындады. Ал Николай Косенков «Он тебя ждёт» әнін шырқады. Ертіс ауданы «Ержан» мешітінің өкілі Серғали Рысжанов терме орындап берді. Ақсу қаласы Воскресенск храмы приходының өкілдері «Қазақстан» және «Мое родное Прииртышье» өлеңдерін оқыса, «Надежда» шіркеуінің қатысушысы Елена Кан кәріс әнін орындады.
Жалпы, шара барысында түрлі конфессиялардың аудан орталықтарынан, ауылдардан келген 16 шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. Фестивальдің концерттік бағдарламасы мазмұнды және қызықты, конфессиялардың өкілдері келісімді, достықты, толеранттылықты өлең оқу, әндер мен билер орындау арқылы білдірді. Ұйымдастырушылар фестиваль барысында қатысушылардың басқа мәдениеттің тілін түсінуі, үлкен құрметпен қарауы Рухани келісім мен бірлік үшін маңызды дейді. Фестиваль соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»