Аймақтар • 31 Қазан, 2017

СҚО ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жаңа басшысы келді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық әкімдіктің отырысында Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитеті облыстық департаментінің жаңа басшысы таныстырылды.

СҚО ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жаңа басшысы келді

Бұл қызметке Зылиха Тұрсынғалиқызы Отарғазиева тағайындалды.

Ол 1964 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында туған.

Павлодар политехникалық техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Техник-технолог, экономист, заңгер бакалавры мамандықтары бар.

Еңбек жолын Алға май дайындау зауытында инженер-технологтан бастаған. Кейін қышқыл сүт цехының басшысы, жетекші экономист, жоспарлау бөлімінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары болған.

2005-2017 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасында, қаржылық бақылау инспекциясында, ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жауапты қызметтер атқарған.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»