Қазақстан • 01 Қараша, 2017

Білім берудің жаңа философиясы: Физика пәнін жаңғырту

1739 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасы білім саласына байланысты «Орта білім жүйесінде орта мектептерді Назарбаев зият­кер­лік мектептеріндегі оқыту дең­гейіне жеткізу керек», деген еді. Міне, Елбасының халыққа Жолдауы қа­зіргі таңда жүзеге асып, білім саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.

Білім берудің жаңа философиясы: Физика пәнін жаңғырту

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Білім беруді жаңарту – бұл үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі си­патқа ие, ал оқу процесі оқушы­лар­­дың әрбір сабақта білімді «табу­да­ғы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұған қол жеткізуді әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңару үрдісінің әлеуметтік қырларын көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру маңызды.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері пән мазмұнын жоба­лаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен білікті арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көл­денеңінен біртіндеп кеңейту (бі­лімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру), білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беру, бөлімдер мен ұсынылған та­қы­­рыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағ­ды­лардың қалыптасуына назар ау­дару, оқу процесін ұзақ мерзімді, ор­та мерзімді, қысқа мерзімді жос­парлар түрінде технологияландыру болуы тиіс.

Физика саласы бойынша оқу­шылардың білім, білік дағды­ла­рын қа­лыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағ­дар­ламасында жетекші орын алады. Бұл әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңы­зы­мен айқындалады.

Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты – заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің физикалық қасиет­терін танып-білу, табиғат құбы­лыс­тарының заңдылықтарын зерт­теу. Физика пәнін табысты оқы­ту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқу­шы­ларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ой­дың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді.

Мұғалімдер оқушыларының не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін болжай білуі керек. Тек өз білімін және шығармашылығын ұштай біл­ген ұстаз ғана жаңаша білім береді. Әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетін дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жа­ңашыл идеялар жетегінде жүр­се, білім сапасы жақсара түсері сөзсіз. Жаңартылған білім беру маз­мұны ұстаздардың ізденісіне, ба­ла­ларға деген сүйіспеншілігіне, кә­сіптік деңгейіне байланысты. Мұғалім оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру қызметі арқылы шәкіртін шығармашылық жолға жетелейді. Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға қалыптастырады.

Білімнің сапасы – ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының са­пасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл – жаңа кезеңде адам­дарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру деген сөз. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік та­­лаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын мең­герген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын заманауи тұл­ға болуы керек. Жаңартылған білім беру маз­мұны Қазақстан бойынша бар­лық оқушылардан жоғары нәтижені қам­тамасыз етуге көмектеседі жә­не мұғалімдердің білім беру бағ­дар­ламасын тиімді іске асыруына мүм­кіндік береді.

 

 

Гүлзира СӘРСЕНҒАЛИЕВА,

И.Тайманов атындағы орта

 мектептің мұғалімі

АТЫРАУ