Президент • 01 Қараша, 2017

«Ротшильд» компаниясының бай тәжірибесі еліміз үшін өте маңызды - Назарбаев

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Rothschild & Co» компаниясының жетекшілері Эрик де Ротшильд, Клаус Мангольд және Джованни Салветтимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


«Ротшильд» компаниясының бай тәжірибесі еліміз үшін өте маңызды - Назарбаев

Мемлекет басшысы «Ротшильд» компаниясының қаржы секторындағы бай тәжірибесі мен халықаралық абыройын тілге тиек етті.

-«Ротшильд» компаниясы әлемдегі ең көне де ірі қаржы институтының бірі. Жекелеген өндіріс капиталдары бойынша үлкен тәжірибеге ие. Бұл тәжірибелеріңіз біздің еліміз үшін өте маңызды, дәл осы себепті Қазақстанның Халық Банкіне кеңес беріп отырсыздар, - деді Қзаақстан Президенті.

Өз кезегінде Эрик де Ротшильд кездесу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді және Қазақстанның қарқынды даму жолына тәнті екенін жеткізді.

-Бұл менің Қазақстанға алғаш сапарым. Сіздің еңбегіңіздің арқасында ел болашақта қарқынды дами бермек. Қазақстан – Азия мен Еуропа аралығындағы алтын көпір. Экономика диверсификациясындағы трендтерді дөп басу, шикізат өндірісін дамытудағы көрегендігіңіз таң қалдырды, - деді компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд.