Баспасөз мәслихаты соңында Амандық Ғаббасұлы тілшілер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беру барысында биыл туристерге қызмет көрсету көлемі 1,5 миллион адамнан асқанын, соның ішінде бір ғана Алакөлге 750 мың адам келгенін жеткізді.
Оның айтуынша, көл жағасындағы инфрақұрылымды дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Темір жол қатынасы жолға қойылып, Үшарал қаласында әуежай тұрғызылды және темір жол вокзалының құрылысы басталып кетті. Үш жылда өңірдегі ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 40 пайызға артып, 5,5 млрд теңгені құраған.
Жарыссөз кезінде Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құрылатыны да белгілі болды. Ол ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсыныс жіберілген.