Қазақстан • 02 Қараша, 2017

Тұрғындар дән риза

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрамында гинеколог, кардиолог, терапевт, хирург, офтальмолог, педиатр, невропатолог дәрігерлер бар «Саламатты Қазақстан» пойызы өңірдің алыс аудандарына болып, тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетті.

Тұрғындар дән риза

«Саламатты Қазақстан» пойызының бас дәрігері Алтын Мыр­захметованың айтуына қара­­ғанда, көп салалы диа­гос­тикалық қызметтермен жаб­дықталған бригада Бело­градовка, Қайранкөл, Ақсуат секілді облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерге аялдап, науқас­тар­дың қаралуына барлық мүм­кіндік жасалған. Қайранкөл стансасында 200-ге жуық адам дәрігерлердің қабылдауына жазылған. Әсіресе невропатолог пен кардиологтарға, УЗИ маман­дарына өтініш білдірушілер қара­сы қалың болған. Сол сияқты педиатр­лар да балалардың ден­сау­лы­ғын жіті тексеріп, ем-дом шара­­ларын белгілеп берді. Мо­ни­торинг жүргізу барысын­да солтүстікқазақстандықтар­дың қан қысымы, жүрек-қан тамыр­ла­­ры, қант диабеті аурулары­на кө­бі­рек шалдығатыны анық­талған. 

Пойызда душ кабинасы, дизель­ді генератор, жылжымалы заманауи құрал-жабдықтар ор­­на­тылған. Сондай-ақ ауруы асқынған жандарға шұғыл ке­ңес беру мақсатында орталық кли­­никалармен, институттармен байланыс жасау жолдары қарастырылған. 

– Аудан, облыс орталық­тарына баруға кез келген адам­ның шамасы келе бер­мей­ді. Оның үстіне білікті маман­дар да тапшы. Сондық­тан осын­дай тегін медицина­лық сапар­лардың жиі ұйымдас­тырыл­­ғанын қалаймыз, – дейді ауыл тұрғындары.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы