Аймақтар • 02 Қараша, 2017

Павлодарда жұмыспен қамту орталығы ашылды

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Бектұров көшесі 115 үйде орналасқан жаңа орталық күніне 300-ге жуық адамды қабылдай алады.

Павлодарда жұмыспен қамту орталығы ашылды

Мұнда 15 терезе жұмыс жасайды. Тұрғындар енді осы жерден электронды еңбек биржасына, халыққа қызмет көрсету орталығына, ауыл әкімдерімен байланысқа шыға алады. Жаңа  орталықтың  ашылуына қатысқан еліміздің «Еңбек ресруастарын дамыту орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықовтың айтуынша, орталықта жұмыс берушілерге ерекше назар аударылады.

Жұмыс іздеушіні  enbek.kz сайтынан табуға болады. Ол үшін жұмыс берушінің «Жеке кабинетіне» бос орын туралы мәлімет, талаптар мен біліктілігі және еңбекақы туралы мәлімет қалдырса жеткілікті. Орталықтың оқыту, кәсіби бейімдеу, еңбекпен қамту сияқты жеке қызметтері бизнеске беріледі. Бұл мақсатта 1,5 млрд теңге бөлініпті. Жеке меншік агенттіктері үшін қызмет электронды еңбек биржасында да қарастырылған. Ол жерде 19 жеке меншік агенттік өздерінің бос жұмыс орындары туралы мәліметті орналастырады, ал жақын арада интернет-алаңдарда бос орындар мен түйіндемелер пайда болады.

Орталықта жұмыс берушілердің қолдау залы, жұмыс істеуге және оқуға ниет білдіргендер үшін ізденушілер залы бар. Мүгедек жандар үшін ыңғайлы пандус жолы жасалған.        

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар