«Елбасының тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламасы аясында Қостанайда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Соңғы жылдары облыс орталығында «Әуежай», «Юбилейный», «Береке» секілді бірнеше шағын тұрғын аудандар өсіп шықты» деді Архимед Бегежанұлы.
Облыс әкімінің қолынан осы жолы 120 отбасы пәтер кілтін алды. Биыл облыс бойынша 220 мың шаршы метр тұрғын үй берілуі қажет елді, оны облыс он айда орындап үлгерді. Соңғы жылдары «Жиллстройсбербанк» банкі салымшыларының саны 30 пайызға артты.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай