«Латынды қолда!» акциясы бастау алғанына біраз уақыт болды. Жаңа әріпті жастар тезірек игеріп әкетері хақ. Сөйтіп, латынды меңгерген уақыт та артта қалып, бұл қаріп біздің қоғамымыздың негізгі бөлігіне айналады. Сондықтан түсіндірме, насихат жұмыстары жиі жүріп отыруы керек.
- Латынды кіргізу гуманитарлық-рухани жоба, қазақ халқының әлемдік әлеуметтік деңгейде орнын анықтап береді,-деді Ерлан Саиров,-себебі әлемдегі 85 пайыз ғылыми айналым латын үлесінде. Қытай мен Жапонияда басқа әліппе, десек те соңғы кездері олар латын әліппесін көптеп еңгізуде. Өмір өзгеріп бара жатыр. Сондықтан да бізде басқа жол жоқ. Жаңа технологиялар шығарылуда. Латынға көшу біртіндеп жүзеге асады. Алғашқы екі жылда әліппесін меңгерту көзделген. Десек те, филологтар қазіргі қабылданған латын әліпбиін тағы да жақсарта түсер деген ойымыз, ұсынысымыз бар.
Ерлан Саировпен өткен жиынға қатысқан «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Солтүстік-Шығыс өңірі бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілінің қолдану аясы да кеңейетіндігіне тіл жанашыры ретінде сеніммен қарайтындығын жеткізді.
Раушан Нұғманбек
Суреттерді түсірген автор