Кеше мұз айдыны алаңының ресми ашылу рәсімі өтіп, алаңда алғаш болып, «Барыс» спорт мектебінің жас хоккейшілері конькимен сырғанап, өнер көрсетті.
Мұз айдынға келем деушілер таңғы сағат 10:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін сырғанауға болады. Аяғына алғаш конький кигендерге кәсіби жаттықтырушылар шеберлік сағатын өткізуге дайын. Мұз қалыңдығы 8 сантиметр, жалпы аумағы 800 шаршы метр. Мұз айдын «Мега Силк Уэйдің» бірінші қабатында орналасқан.