02 Қараша, 2011

Күрделі жөндеуден өткен әскери ұшақ

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана әуе­жа­йына Ресей­дің Та­ганрог қа­ла­­сын­­дағы авиа­жөн­деу зауы­­тын­­да күр­де­лі жө­н­деу жұмыс­тары мен жетілдіруден өткен Ан-12 әс­ке­ри-көлік ұша­ғы келіп қон­ды. Ан-12 ұшағы жеке құрам (60-96 адам) мен жүктерді (20 тоннаға дейін), Қару­лы Күштер мен әскери тех­ни­каны тасымал­дауға, арнайы мақсаттағы әс­кер­лерді парашюттен түсіруге, әскери-көлік­ авиация бөлімдері мен бө­лім­­шелерінің жеке құрамын жауын­герлік дайындықпен қам­тамасыз етуге арнал­ған. Яғни, ол Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күш­терінде пай­да­ланылатын орта буындағы авиа­циялық техника болып табылады. Күрделі жөндеу мен толық жетілдіруден өткен Ан-12 ұша­ғына Қазақ­стан­ның Әс­ке­ри-әуе күштері үшін халық­ара­лық маяк бойынша навигация және отыр­ғызу жү­йесі, радиомаякты ра­дио­­қа­шықтық, суперрадиостанса, метеолокатор, биіктік өлшеу, GPS стансасы сияқты жүйелер қондырылған. Ан-12 БП ұшағын күрделі жөндеу­ден өткен соң кемінде алты жылға дейін еркін пайда­лануға болады. Оксана ПАРПУРА.