Қазақстан • 06 Қараша, 2017

«Нұрлы жол» вокзалында пианино орнатылды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен астана тұрғындары мен қонақтары үшін «Барлығына арналған пианино» атты қызықты жоба ұсынылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Нұрлы жол» вокзалында пианино орнатылды

Музыкалық аспап жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағына қойылды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті музыкалық шығармаларын тегін орындай алады, делінген хабарламада.

Онда өзін танымал маэстро сезініп, көпшіліктің алдында замануи және классикалық композицияларды орындауға мүмкіндік жасалды.

«Мұның алдын «Astana» ӘКК бастамасы бойынша «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жерасты өткеліне пианино қойылған болатын. Жоба үлкен табысқа жетті», - деп жазылған компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.