02 Қараша, 2011

«Илигай» деп ән салдым!

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жуырда Астанадағы Қазақстан орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербай өзінің ән кешін өткізді. «Илигай деп ән салдым» деген атпен өткен бұл шығармашылық кешті әншінің үлкен сахнаға алғаш шыққан кенже ұлы Марғұланның өнер жолындағы алғашқы тұсаукесері десе де болады. Бір кездері қоңыр даусымен көрерменді баурап алған балаң жігіт бүгінде айтулы әнші екені өзімізге белгілі десек, өнер­де өзіндік орны бар дарынды аза­мат­тың бұл кеші ерекше маз­мұн­ды өтті. Көпшілік сүйік­ті әншілерінің рухани өсу жолына сүйсініп, өнеріне су­сын­дап қана қойған жоқ. Оны бүгінде немерелеріне ардақты ата, ал ұл­дарына сүйікті әке бо­лып отырған азамат ретінде де таныды. Иә, бұл жолы ол өнер жолына өзі бау­лыған кенжесімен сахнаға бірге шықты. Сөйтіп, бұл кеште Марғұлан әкесін фортепианода сүйемелдеді. Сон­дай-ақ немересі Илигайды қасиетті сахна төріне шығарып, бұл кештің мән-маңызы туралы қызықты әңгіме айтты. Сөйтсек,  бұл «Илигай» деген ән оның сахнаға алғаш шыққанда салған әні екен. Көңілге ыстық ән кейіннен немересінің есіміне айна­лыпты. Иә, тынымсыз еңбек пен та­биғат берген дарын арқасында өнер әлеміне әдемі әндер мен тамаша дүниелерді әкеліп, хала­йықты риза етіп жүрген оны бүгінде жұртшылық халық қалау­лысы ретінде де жақсы біледі. Алайда ол ән салудан то­сыр­қап қалмаған екен, шығар­машылық кешінде өзінің әнші ретінде бабында екенін көрсет­ті. Сөйтіп, ол өзінің бұрыннан тыңдарман жүрегінен мықтап орын алған «Айдай», «Қарағым-ай», «Илигай» және т.б. таны­мал ән­дерін орындады. Венера ТҮГЕЛБАЙ.