09 Қараша, 2017

Кредиттік карточка бойынша лимит қою туралы шарттың үлгі талаптары

1413 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін

(бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін)

Кредиттік карточка бойынша лимит қою туралы шарттың үлгі талаптары

Осы үлгі талаптарды (бұдан әрі – Үлгі Шарт немесе үлгі талаптар) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) кредиттік карточка бойынша лимит қою туралы шарт бекіткен кезде (бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 288-бабында қарастырылған тәртіпте қолдану үшін дайындады және оның жалпы талаптарын айқындайды.
Осы үлгі талаптарды қолдана отырып, кредиттік карточка бойынша лимит қою туралы шарт (бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін) Банк пен заемшы (бұдан әрі – Заемшы, ал Банкпен бірлесіп – Тараптар) арасында кредиттік карточка бойынша лимит қою туралы шартқа (бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін) қол қою арқылы бекітіледі, ол кредиттеудің жеке талаптарын (бұдан әрі – Жеке Шарт) айқындайды және Үлгі Шартқа сілтемені қамтиды.
Глоссарий
1.1. Бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін кредиттік карточка бойынша лимит – Банк қол жеткізу төлем карточкасы (бұдан әрі – Карточка) арқылы іске асырылатын Заемшының ағымдағы шотында (бұдан әрі Шот) қойған кредиттік лимит, оның шегінде Заемшыға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде төлемжерді жүргізу үшін банктік заемдар ұсынылады (бөліп төлеу бойынша операциялар) (бұдан әрі – Лимит).
1.2. Кәсіпкер – өзі жеткізетін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізу үшін сауда және сервис пункттерінде төлем карточкаларды қабылдайтын заңды тұлға/жеке кәсіпкер.
1.3. ССП (сауда және сервис пункті) – төлем карточкаларын қолданып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрал) (POS-терминал) орнатылған Кәсіпкердің қызметті іске асыратын орны.
1.4. Жедел байланыс құралдары – Банк пен Заемшы арасында ақпарат жіберу құралдары: Тараптар Жеке шартқа қол қою кезінде Заемшыдан алынған ақпарат негізінде Заемшыны сәйкестендірген жағдайда, Банк айқындайтын тәртіпте және талаптар бойынша және де кредиттік карточка бойынша (бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін) лимит қою туралы шарттың әрекет ету мерзімі ішінде қолданылатын электрондық пошта (e-mail), пошта байланысы, «Интернет-банкинг» жүйесі, «SMS-банкинг» жүйесі, телебанкинг, телефон, факс, банкомат, POS-терминалдың сауда чегі, терминал, Банктің сайтындағы және Банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасындағы хабарлама, Заемшының әлеуметтік желілердегі ресми парақшасындағы хабарлама.
2. Жалпы талаптар
2.1. Банк Шотқа Жеке Шартта немесе Үлгі Шартта Жеке Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде айқындалған талаптар бойынша оның сомасы мен мерзімі шегінде Заемшыға заемдар (бұдан әрі – Заемдар немесе Заем) ұсынатын Лимит қояды. Жеке Шарт және Үлгі Шарт бір-бірінің ажырамас бөлігі болып табылады және әрі қарай бірлесіп Шарт деп аталады.
Шартқа қол қою күні мен орны, оның нөмірі, Тараптардың деректері, мақсаты, сомасы, Лимиттің және оның шеңберінде ұсынылатын Заемдардың валютасы мен мерзімі Жеке Шартта айқындалады.
2.2. Заемшы Заемды қолданғаны үшін Банкке Заем валютасымен сыйақы төлейді, оның түрі мен мөлшері, сондай-ақ сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшері Жеке Шартта көрсетіледі.
2.3. Заемды өтеу және сыйақы төлеу тәсілі: Заемды қайтару, сыйақыны төлеу және де Заемшының Шарт бойынша берешектердің барлық сомаларын өтеу Шотты қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес тәртіпте ақшамен толықтыру, кейіннен Банктің жүйелі акцептсіз алып алуы, сондай-ақ Банктің транзиттік шоты арқылы орындалады.
2.4. Заемды өтеу тәсілі Жеке Шартта айқындалады.
2.5. Заем бойынша берешекті өтеу кезектілігі: 1) Заем сомасы (бұдан әрі сондай-ақ – Негізгі борыш); 2) сыйақы/Заемды ұйымдастыру үшін комиссия (болған жағдайда). 
Мерзімі кешіктірілген берешек болған жағдайда: 1) Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын алу бойынша Банктің шығындары; 2) тұрақсыздық айыбы; 3) сыйақы/Заемды ұйымдастыру үшін комиссия (болған жағдайда); 4) Негізгі борыш сомасы. 
Шарт бойынша Төлемнің сомасы, егер ол Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, Заемшының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) Негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы/Заемды ұйымдастыру үшін комиссия (болған жағдайда) бойынша берешек;
3) Жеке Шартта айқындалған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) ағымдағы төлемдер кезеңіндегі Негізгі борыштың сомасы;
5) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген сыйақы/ Заемды ұйымдастыру үшін комиссия (болған жағдайда);
6) орындауды алу бойынша Банктің шығындары.
Мерзімінен кешіктірудің ретті күнтізбелік жүз сексен күні өткеннен кейін Шарт бойынша төлемнің сомасы, егер ол Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, Заемшының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) Негізгі борыш бойынша берешек;
2) сыйақы/Заемды ұйымдастыру үшін комиссия (болған жағдайда) бойынша берешек;
3) ағымдағы төлемдер кезеңіндегі Негізгі борыштың сомасы;
4) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген сыйақы/ Заемды ұйымдастыру үшін комиссия (болған жағдайда);
5) Жеке Шартта айқындалған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
6) орындауды алу бойынша Банктің шығындары.
2.6. Негізгі борышты өтеу (және) немесе сыйақы төлеу мерзім­дерін бұзғаны Заемшы Банкке тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді, оны есептеу тәртібі мен мөлшері Жеке Шартта көрсетіледі.
2.7. Заем беруге және қызмет көрсетуге байланысты өндірілуі тиіс комиссиялардың және өзге де төлемдердің толық тізбесі, сон­дай-ақ олардың мөлшерлері, Заемды өтеу және сыйақыны төлеу тәртібі мен кезеңділігі, Шарт бойынша қамтамасыз ету Жеке Шартта көрсетіледі.
2.8. Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудың мерзімі кешіктірілуі орын алған жағдайда, Банк міндеттемелерді орындау бойынша мерзімінен кешіктіру орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде Үлгі Шартта көзделген тәсілмен Шарт бойынша Заемшының мерзімі кешіктірілген берешегінің мөлшерін көрсете отырып, Шарт бойынша төлемдер енгізу қажеттілігі туралы және Заемшының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы Заемшыға хабарлайды және де Банктің хабарламасында көрсетілген талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, Банк:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша шығыс операцияларды тоқтату рұқсат етілмейтін Заемшының шоттарын қоспағанда, Заемшының кез келген банктік шоттарындағы шығыс операцияларды тоқтатуға; 
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бо­йынша өндіріп алу рұқсат етілмейтін ақша орналасқан шоттарды қолспағанда, даусыз (акцептсіз) тәртіпте Заемшының кез келген, оның ішінде басқа банктерде ашылған, банктік шоттарында орналасқан ақшаны өндіріп алуға; 
3) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген өзге де шараларды қолдануға құқылы.
2.9. Шарттың әрекет ету мерзімі Жеке Шартта айқындалады.
2.10. Жеке Шартқа қол қою арқылы Заемшы Банкке Заемшының: (i) Банктің Заемшы, осы Шартты бекіту туралы мәліметтерді, сондай-ақ Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына (оның ішінде осы Шарт бойынша Заемшы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің құрамы мен тәсілдері туралы) байланысты ақпаратты Банк шарттық қатынаста тұратын немесе болашақта тұратын барлық кредиттік бюроларға беруге және (ii) барлық кредиттік бюролардың Банкке Заемшы туралы кредиттік есептерді ұсынуына келісімін бергенін растайды. 
2.11. Шартқа байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, Заемшы Банкке: 1) Банктің пошталық мекенжайы бойынша: А26М3К5, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 40 үй; 2) Банктің электрондық мекенжайы бойынша: halykbank@halykbank.kz; 3) Банктің ресми интернет-ресурсы арқылы: www.halykbank.kz (бұдан әрі сондай-ақ – Банктің веб-сайты); 4) телефон арқылы Банктің Байланыс орталығына: 7 (727) 259-07-77 жүгінуге құқылы.
2.12. Шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін Тараптардың жауапкершілігі:
1) Заемды қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін Заемшы тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) Жеке Шартта қарастырылған мөлшерде төлейді;
2) Заемшы техникалық овердрафтқа жол берген және жол берген күні оны өтемеген жағдайда, Заемшы Банкке техникалық овердрафтқа жол беру күнінен бастап оны өтеген күніне дейін есептелетін, техникалық овердрафт сомасынан жылдығы 10 % (он пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді;
3) Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершілікті арқалайды.
3. Өзге талаптар
3.1. Заемшы Банктің желісіне кіретін ССП-де немесе Заемшы Банктің желісіне кірмейтін ССП-де Карточканы қолданып төлем жүргізу мүмкіндігі туралы Жедел байланыс құралдары берілген Банктің хабарламасын алған жағдайда Банктің желісіне кірмейтін ССП-де Карточканы қолданып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мақсатында төлем (бұдан әрі – Сатып алу бойынша операциялар) жасаған жағдайда Заем Заемшыға берілген болып есептеледі. Заем беру фактісі аталған операцияны жүргізуді куәландыратын кез келген құжаттармен, оның ішінде Шот бойынша көшірме арқылы расталуы мүмкін. 
Егер Лимит шеңберінде бірнеше тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету үшін бірнеше заем ұсынылса, мұндай заемдардың саны 10 (оннан) аспауы тиіс.
Сатып алу бойынша операцияның ең аз сомасы – 10 000 (он мың) теңге. 
3.2. Заемды беру күні болып Сатып алу бойынша операцияны орындау күні есептеледі. Заемды қайтару күні болып Заем­шы­ның мұндай Заем бойынша берешегін өтеу күні есептеледі. Заемды беру және қайтару күні бір күн болып есеп­теле­ді. Сый­ақы­ны есептеу кезінде нақты күндер (күнтізбе бо­йын­­ша) саны ескеріледі, бұл ретте жыл 360 күнге тең болып қабыл­­данады. Сыйақы Негізгі борыш қалдығына есептеледі. Егер Жеке Шарт бойынша Заемды ұйымдастыру үшін комиссия өн­діру қарастырылған болса, ол айына бір рет Карточканы қол­да­нып сатып алынған тауардың, жұмыстың немесе қызметтің құны­­на тең Заемның сомасынан пайыздық қатынаста есепке алы­­на­­ды. Заемды немесе оның бөлігін өтеу күнінен бастап Лимит өтелген Заемның/оның бөлігінің сомасында қалпына келеді.
3.3. Карточкаға жылдық қызмет көрсету үшін комиссия (болған жағдайда) оны бірінші жыл қолданғаны үшін бірінші Сатып алу бойынша операцияны орындау сәтінде есепке алынады, оның нәтижесінде Карточканы іске қосу жүргізіледі және де осындай Заем бойынша бірінші төлемнің құрамында төленуі тиіс.
Карточкаға жылдық қызмет көрсету үшін комиссия (болған жағдайда) оны кейінгі жылдары қолдану үшін Карточканы қосу күнінен бастап әрбір жыл өткен сайын әрбір осындай жылы бірінші Сатып алу бойынша операцияны орындау сәтінде есепке алынады және де осындай Сатып алу бойынша операцияға қатысты Заем бойынша ең жақын төлемнің құрамында төленуі тиіс.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Заемшы:
4.1.1. кез келген уақытта мерзімінен бұрын Заемды Жеке Шарт­тың талаптарына сәйкес есепке алынған сыйақыны/Заемды ұйым­дастыру үшін комиссияны (болған жағдайда) төлей отырып, мерзімінен бұрын толықтай немесе ішінара өтегені үшін тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын төлеместен, толықтай немесе ішінара қайтаруға;
4.1.2. егер Негізгі борышты және сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күніне түссе, Негізгі борышты төлеуді осындай демалыс немесе мереке күнінен кейінгі жұмыс күнінде тұрақсыздық айыбы немесе өзге де айыппұл санкцияларын төлеместен, сыйақы­ны/Заемды ұйымдастыру үшін комиссияны (болған жағ­дай­да), оның ішінде демалыс және мереке күндері қолданғаны үшін қосымша есепке алынғандарды төлеп, жүргізуге;
4.1.3. жазбаша өтініш бойынша тегін, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, айына бір реттен жиі емес, жазбаша түрде Заем­шының Шарт бойынша берешекті өтеу үшін келіп түсетін кезек­ті ақшаны бөлу туралы (Негізгі борышқа, сыйақыға, комис­сия­ларға (болған жағдайда), тұрақсыздық айыбына, айып­пұлдарға және төленуі тиіс басқа сомаларға) ақпаратты алуға;
4.1.4. жазбаша өтініш бойынша тегін, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Шарт бойынша Негізгі борыш сомасын толықтай немесе ішінара мерзімінен бұрын қайтару кезінде мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсетіп, Негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және төленуі тиіс басқа да сомаларға бөлумен Заемшының Шарт бойынша өтеуге жататын берешегінің мөлшері туралы ақпаратты алуға;
4.1.5. Шартқа қатысты даулы жағдайлар орын алған жағдайда жазбаша түрде Банкке жүгінуге және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мерзімдерде жауап алуға;
4.1.6. Лимит шегінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес және Үлгі Шарттың 3.1. тармағында көзделген шектеулерді ескерілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Сатып алу бойынша операцияларды жүргізуге;
4.1.7. Шарт талаптарының Заемшы үшін жақсару жағына өзгеруі туралы Банктің хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күннің ішінде Банк ұсынған жақсартатын талаптардан Шартта көзделген тәртіпте бас тартуға құқылы.
4.2. Банк:
4.2.1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағында көзделген, сонымен қатар Шартта белгіленген жағдайларда біржақты тәртіпте Шарт талаптарын Заемшы үшін жақсарту жағына қарай өзгертуге; 
4.2.2. кез келген келесі жағдайлардың бірінде: 1) Заемшы Заемды алуға және қызмет көрсетуге байланысты, соның ішінде өзінің қаржылық жағдайы туралы сенімсіз ақпаратты беру фактілері анықталған; 2) жарғылық капиталына қатысу үлесінің меншік иесі Заемшы болып табылатын заңды тұлғаның Банк алдында кез келген міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі болған; 3) күнтізбелік 40 (қырық) күннен асатын Заемды және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен берешегі болған; 4) Банк мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған Заемшының қаржылық жағдайы нашарлаған; 5) Заемды мақсатты пайдаланбаған; 6) егер Заемшы жауапкер ретінде сот процесіне тартылса және (немесе) Заемшының банктік шоттарында тұрған ақша қаражаттарын есептегенде Заемшы мүлкі өндірілсе және (немесе) тыйым салынса; 7) Банктің Шартты тиісті орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайда; 8) Заемшы жүргізіп жатқан операцияларды зерттеу процесінде Заемшы мен Банк арасында Шарт бойынша белгіленген іскерлік қарым-қатынастарды Заемшы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны жөнінде күмән туындаған; 9) Заемшыға және (немесе) оның аффилиирленген тұлғаларына кез келген елдің (мысалы, OFAC) немесе халықаралық ұйымның (ФАТФ және БҰҰ қоса алғанда, бірақ шектелмей) құзыретіне сәйкес салынған санкциялардың болуы; 10) Тараптар Жеке Шартқа қол қойған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) ай ағымында Заемшының Карточканы пайдаланбауы; 11) Заемшының зейнет жасына жетуі; 12) Үлгі Шартының 4.5.11. тармағында көрсетілген құжатты Банкке бермеуі; 13) Банк пікірінше Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерді бұзу қаупі туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген тәртіпте Шарт бойынша Заемшы берешегінің бүкіл сомасын мерзімінен бұрын өтеуін Заемшыдан талап етуге және (немесе) Лимитті жоюға;
4.2.3. 1) Заемшының Банк алдында кез келген міндеттемелері бойынша берешегі болған кезде; 2) Шотқа ақша қате аударылған жағдайда; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген өзге жағдайларда өз талаптарын қанағаттандыру мақсатында Шоттан ақшаны акцептсіз тәркілеу құқығымен Заемшы Шотын оқшаулауға (соның ішінде Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата отырып);
4.2.4. келесі: 1) Заемшының қаржылық жағдайы Банк талап­тарына сәйкес келмегенде; 2) Заемшы Шарттың берешекті мерзімінен бұрын өтеуге қатысты талаптарын бұзғанда; 3) Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының банктік қызмет көрсету нарығында саяси және/немесе экономикалық ахуалдың нашарлауы; 4) жарғылық капиталына қатысу үлесінің меншік иесі Заемшы болып табылатын заңды тұлғаның Банк алдында кез келген міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегінің туындауы; 5) Лимиттен асып түсу немесе Үлгі Шартының 3.1. тармағында көзделген шектеулерді бұзу; 6) Үлгі Шартының 4.5.11. тармағында көрсетілген құжатты Банкке бермеу жағдайларында, Шарт шеңберінде жаңа Заемдардың берілуін бір жақты тәртіпте тоқтатуға;
4.2.5. Заемшыдан Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге;
4.2.6. кез келген уақытта Шотқа түскен ақша қаражаттарын Заемшының Шарт бойынша берешегін өтеуге жіберуге;
4.2.7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген үшінші тұлғаларға, соның ішінде коллекторлық агенттіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заемшының қосымша келісімінсіз Шарт бойынша Заемшыға қойылған кез келген құқықтарды (талаптарды) беруге;
4.2.8. Заемшы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудың мерзімін кешіктірген жағдайда Банк Заемшының Шарт бойынша берешегін соттан бұрын өндіру және реттеу үшін, сонымен қатар Банк мүддесін сотта және атқару өндірісінде білдіру үшін коллекторлық агенттіктерді тартуға;
4.2.9. Заемшы туралы және Шарт талаптары туралы мәліметтерді, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпаратты, сонымен қатар банктік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге құпияны кез келген үшінші тұлғаларға (Банк келісім жасасқан коллекторлық агенттіктерді қоса алғанда) беруге;
4.2.10. Заемшы акцептінсіз (келісімінсіз) Банкке түскен немесе Банк тәркілейтін ақшаны Заем валютасынан басқа валютаға, егер Банк өзге бағамды белгілемесе, Банк айырбастау күнінде белгілеген бағаммен айырбастауға;
4.2.11. төлем талабы мен (немесе) төлем ордерін және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай басқа төлем құралын пайдалана отырып, Заемшының Шарт бойынша кез келген, соның ішінде мерзімі өткен берешегінің сомасын өтеу үшін қажетті мөлшерде Заемшының Банкте, басқа банктерде және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін ұйымдарда ашылған кез келген банктік шоттарынан ақша қаражаттарын даусыз (акцептсіз) тәркілеуге;
4.2.12. Заемшы:
1) Банкке:
– Заемшының және өзге дербес деректер субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) дербес деректерін жинауға және өңдеуге тиісті түрде ресімделген келісімін (бұдан әрі – Келісім);
– Субъектілердің өзекті және сенімді дербес деректерін беру және (немесе) беруді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін;
2) – Банкке берілген Келісімдердің кез келгенін қайтарып алу;
– олардың жарамдылығын әлдекімдердің даулау;
– Банкке берілген Келісімдердің кез келгенін жарамсыз деп тану;
– Банкке берілген Субъектілердің дербес деректерін жою, оқшаулау, дара биліктен айыру туралы Субъектілердің талап қою жағдайларының алдын алу бойынша шара қолдану міндеттемелерін бұзған жағдайларда,
сонымен қатар:
1) Заемшы Шарт бойынша Банкке Келісімдерді және (немесе) Субъектілердің дербес деректерін беруге және (немесе) беруді қамтамасыз етуге байланысты міндеттемелерін бұзу салдарынан дербес деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін Банкке шара қолдану және (немесе)
2) мұндай шараларды қолдану нәтижесінде Банкке келтірілген шығындар мен зияндарды өтеу бойынша Заемшы міндеттемелерін бұзған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген тәртіпте Заемшының банктік шоттарында жатқан ақша қаражаттарын акцептсіз тәркілеу арқылы және (немесе) Заемшы мүлкін өндіру арқылы Шарт бойынша Заемшы берешегін толық көлемде өндіруге және оны қаржыландыруды тоқтатуға құқылы.
4.3. Банк:
4.3.1. мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтегені үшін тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкцияларының өзге түрлерін төлеусіз Үлгі Шартының талаптарына сай есептелген сыйақыны/Заемды ұйымдастырғаны үшін комиссияны (болған жағдайда) төлеумен кез келген уақытта Заемды мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуді қабылдауға;
4.3.2. Заемшының жазбаша өтініші бойынша қайтарымсыз негізде айына бір рет қана үш жұмыс күнінен аспаған мерзімде, жазбаша нысанда, Заемшының Шарт бойынша берешегін өтеу есебіне түсетін кезекті ақшаның бөлінуі (Негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздыққа, айыппұлға және мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып, төленуі тиіс басқа сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда беруге;
4.3.3. мерзімі өткен берешек туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмеген уақытта Үлгі Шартының 6.2. тармағында көзделген тәсілдермен Шарт бойынша Заемшының мерзімі өткен берешегінің мөлшерін көрсете отырып, Шарт бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы және өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы Заемшыны ескертуге;
4.3.4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген үшінші тұлғаларға, соның ішінде коллекторлық агенттіктерге Шарт бойынша Заемшыға қойылған кез келген құқықтарды (талаптарды) берген кезде Заемшыны үш жұмыс күні ішінде берілген құқықтардың (талаптардың) толық көлемін, Негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздыққа және төленуі тиіс сомалардың өзге түрлеріне бөлінген ағымдағы және мерзімі өткен берешектің қал­дығын, сонымен қатар берешекті өтеу бойынша бұдан кейінгі төлем­дерді құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғаларға таға­йын­дауды көрсете отырып, жазбаша хабарландыруға;
4.3.5. талап ету құқығын беру шартын бекіткенге дейін Заем­шыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап­тар­дың) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сонымен қатар мұндай беруге байланысты Заемшының дербес дерек­терін өңдеу туралы Шартта көзделген немесе Қазақстан Республика­сының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен хабарлауға;
4.3.6. Заемшы Банкке жазбаша сұраныспен арызданған кезде бұл сұранысты қарап, Заемшыға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімдерде жауап беруге;
4.3.7. Шарт бойынша берілген қайтарымсыз ақша қаражаттарын Банкке мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтару туралы Заемшы өтініші бойынша үш жұмыс күнінен аспаған мерзімде Негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздыққа, айыппұлдарға және мерзімі өткен төлемдер көрсетілген, төленуі тиіс басқа сомаларға бөлінген қайтарылуы тиіс сомалардың мөлшерін Заемшыға хабарлауға;
4.3.8. Үлгі Шартында көзделген тәртіпте Заемшыға Шарт талап­тарының жақсару жағына қарай өзгергені туралы ескертуге міндеттенеді.
4.4. Банк:
4.4.1. біржақты тәртіпте Шартты бекіту күніне белгіленген комиссиялардың және Заемға қызмет көрсету бойынша өзге төлемдердің мөлшерін ұлғайту жағына қарай және есептесу тәртібін өзгертуге;
4.4.2. біржақты тәртіпте Шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін және өзге төлемдерді енгізуге;
4.4.3. Заемшыны сақтандыру ұйымын және тәуелсіз бағалаушыны таңдауда шектеуге, сонымен қатар Заемшыға өз өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге;
4.4.4. біржақты тәртіпте келесі:
1) Банктің жаңа Заемдар бермеу құқығы туындайтын Шартта көзделген;
2) Заемшы Шарт бойынша Банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзған;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актінің талаптарына сәйкес Банк жүргізген мониторинг нәтижесінде анықталған Заемшы қаржылық жағдайының нашарлауы;
4) Банктің Шартты тиісті орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайларын қоспағанда, осы Шарт шеңберінде жаңа Заемдар беруді тоқтатуға;
4.4.5. егер Негізгі борышты немесе сыйақыны/Заемды ұйым­дас­тырғаны үшін комиссияны өтеу күні демалыс немесе мере­келік күнге түссе, тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санк­цияларының өзге түрлерін ұстауға құқығы жоқ, сыйақыны/Заемды ұйымдастырғаны үшін комиссияны немесе Негізгі борышты нақты төлеуді Заемшы тиісті мерекелік немесе демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырады;
4.4.6. Шарт бойынша Заемды мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін ұстауға;
4.4.7. Шарт талаптарын Заемшы үшін жақсартудың келесі жағдайларын:
комиссияларды және Заемға қызмет көрсетуге байланысты қызметтер үшін өзге төлемдерді азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық алып тастауды;
тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгертуді немесе толық алып тастауды;
Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуді;
Шарт бойынша төлемдерді кейінге шегеруді және (немесе) бөліп төлеуді;
Банк желісіне кірмейтін ССП-де сатып алу операциясын жасау мүмкіндігін;
Үлгі Шартының 3.1. тармағында көрсетілген, Заемшы Шарт шеңберінде алуға құқылы Заемдар санын ұлғайту жағына қарай өзгертуді;
Үлгі Шартының 3.1. тармағында көрсетілген, Сатып алу операциясының ең аз сомасын азайту жағына қарай өзгертуді;
Үлгі Шартының 7-бабында көзделген Шот және Карточка бойын­ша шектеулерді тоқтатуды немесе әрекет етуін алып тастау­­ды қоспағанда, біржақты тәртіпте Шарт талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
Шарт бойынша жақсартатын талаптарды қолдану туралы Банк Заемшыны Үлгі Шартының 6.2. тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен олар әрекет ете бастағанға дейін кемінде күнтізбелік он төрт күн бұрын хабарландырады.
Банк хабарландыруын алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Заемшы Банк Шарт бойынша ұсынған жақсартатын талаптарды Банктің қолдануынан жазбаша бас тартатыны жөнінде Банкті ескерте отырып, толық немесе ішінара бас тартуға құқылы. 
Егер көрсетілген мерзімде Банк Заемшыдан Шарт бойынша ұсынған жақсартатын талаптарды қолданудан жазбаша бас тартуын алмаса, оларды Заемшы қабылдаған болып саналады.
4.5. Заемшы:
4.5.1. Шарт талаптарына сәйкес Заемды ұйымдастырғаны үшін комиссияны/сыйақыны және Заемды (бар болса) уақтылы, толық көлемде төлеуге; 
4.5.2. Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін жағдайлардың орын алғаны туралы Банкті жедел хабарлауға; 
4.5.3. үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдік­тер бермеуге, сондай-ақ Заемшының үшінші тұлғалар алдын­дағы міндеттемелерінің көбеюіне алып келетін және (немесе) Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындауына кедергі жасайтын басқа мәмілелерді жасамауға; 
4.5.4. Байланыс деректері/реквизиттер өзгерген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті растаушы құжаттармен бірге Банкке хабарлама жолдауға; 
4.5.5. Шартта көзделген жағдайларда Банктің талабы бойынша және Банк көрсеткен мерзімде, мерзімінен бұрын Заемды қайтаруға және тиесілі сыйақыны, комиссияны (бар болса) және тұрақсыздық айыбын, сонымен қатар Заемшының Шарт бойынша басқа кез келген берешегін төлеуге; 
4.5.6. Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз құқықтарын (талаптарын) бермеуге; 
4.5.7. Техникалық овердрафтқа жол бермеуге, яғни Заем­шының Шоттағы жеке ақшасының жалпы қалдық сомасынан және сатып алу кезіндегі Операцияны орындау сәтінде Лимит сомасынан асатын сомада Шоттағы ақшаны жұмсамауға. Техни­калық овердрафтқа жол берген жағдайда, осындай овердрафт сомасын оның орын алған күні өтеуге;    
4.5.8. Банктің бірінші жазбаша талабы бойынша Банкке беруге және беруді қамтамасыз етуге: 1) Заемшының және Банк­тің көздеген басқа Субъектілерінің тиісті түрде ресімделген Келісі­мін; 2) Субъектілердің өзекті және сенімді жеке деректерін; 
4.5.9. Келесі жағдайлардың алдын алу: 1) Банкке берілген кез келген Келісімді кері қайтарып алуының; 2) олардың жарам­дылығын кіммен болсын дауға салуды; 3) Банкке тапсырылған Келісімдердің кез келгенін жарамсыз деп тануды; 4) Субъектілердің Банкке берілген дербес деректерін Субъектілердің жоюы, бұғаттауы, иесіздендіруі туралы талап қоюын; 5) Субъектілердің дербес деректерін және (немесе) Келісімдерін беру немесе беруді қамтамасыз етумен байланысты Заемшының міндеттемелерін бұзуы салдарынан Банкке дербес деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін шаралар қолдануды болдырмау;
4.5.10. Субъекетілердің дербес деректерін және(немесе) Келісімдерін беру немесе беруді қамтамасыз етумен байланысты Заемшының міндеттемелерін бұзуы салдарынан Банкке дербес деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін шаралар қолданылған жағдайда Банкке оның шеккен кез келген шығынын өтеуге; 
4.5.11. Егер Заемшы мұндай кіріс түрін атаған болса, Банктің талабы бойынша ол белгіленген мерзімде Банкке қосымша кірістің болуын растайтын құжатты беруге міндеттенеді.
5. Конфиденциалдық 
5.1. Тараптарының әрқайсысы екінші Тараптан алынған Шартқа байланысты ақпараттың конфиденциалдығын сақтауға міндеттенеді. Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай ақпараттың үшінші тұлғаларға берілуі оның берілу нысанына қарамастан тек қана екінші Тараптың жазбаша келісімі арқылы мүмкін болады.
5.2. Конфиденциалдық (банктік және басқа да құпия) туралы қағида келесі жағдайларда қолданылмайды: 
1) Банктің құқықтарын беруі және Шарт бойынша борышын аудару;
2) Банк өз құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатында Заемшы туралы үшінші тұлғаларға, соның ішінде Шарт бойынша Заемшыдан берешегін өндіру туралы олармен бекітілген шарт шеңберінде коллекторлық агенттіктерге Шартты жасасқаны, Шарт талаптары және оның орындалуы туралы мәліметтерді қоса алғанда, бірақ мұнымен шектелмей ақпарат беруі;
3) Банктің Заемшының банктік шоттарынан акцептсіз ақша алуы және осыған байланысты үшінші тұлғаларға қажетті ақпарат беруі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тікелей қарастырылған жағдайларда Банктің үшінші тұлғаларға ақпарат беруі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Шартпен көзделген басқа да жағдайларда. 
6. Хабарламалар
6.1. Егер Шарт бойынша келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер арқылы шешілмеген болса, ерекше соттылық жағдай­ларды қоспағанда, Банк қалауы бойынша (шартты сотты­лық) Заемды берген Банктің немесе Банк филиалының орналасқан орны бойынша Қазақстан Республикасының соттарында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану арқылы шешіледі.
6.2. Тараптар осы арқылы Банктен Заемшыға жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Банк мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, тиісті түрде ресімделген және Заемшы алған деп есептеледі:
курьерлік немесе пошталық қызмет арқылы;
электрондық поштамен;
факспен;    
 мобильді байланыс және басқа телефон байланысы арқылы, «Телебанкинг», «SMS-банкинг» жүйелері арқылы;
Үлгі Шарттың 5-бабының талаптарын ескере отырып терминалдарда, банкоматтарда «Интернет-банкинг» жүйесінде, Банктің әлеуметтік жүйелеріндегі ресми парақшаларында Банктің веб-сайтында www.halykbank.kz электронды мекенжайы бойынша тиісті ақпаратты Банк филиалдарында орналастыру арқылы; 
Үлгі шарттың 5-бабының талаптарын ескере отырып, Шарт бекітілген кезде, оның әрекет ету мерзімі ішінде Заемшыдан алынған ақпарат негізінде Заемшыны сәйкестендіру жасалған жағдайда Банк анықтаған тәртіпте және талаптарды Заемшының әлеуметтік желі парақшасында хабарлама ретінде орналастыру;
POS-терминалдың сауда чегінде.
6.3. Тараптар осы арқылы Заемшыдан Банкке жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Заемшы мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, тиісті түрде ресімделген және Банк алған деп есептеледі: 
Банктің уәкілетті қызметкеріне алғандығы туралы қол қойғызып тапсыру арқылы;
курьерлік немесе пошталық қызмет арқылы.
6.4. Хат алушының хабарлама алған күні мыналар болып есептеледі:
қолма-қол немесе курьерлік қызмет арқылы берілген хабарламалар үшін – тиісті тұлғаның қажетті белгісін қою арқылы, алынған күні;
тапсырыс хатпен жіберілген хабарламалар үшін – жөнелтілгеннен кейін үшінші күнтізбелік күні (жөнелту кезінде пошта ұйымы берген құжат күні бойынша);
факспен жіберілген хабарламалар үшін – жөнелтілген күні, егер факсимильдік аппараттың құжатты факс нөмірлеріне жөнелтудің сәтті аяқталғандығы туралы белгісі болса;
хабарлама мобильді байланысты және (немесе) «SMS-банкинг» жүйесін пайдалану арқылы электрондық поштамен жіберілгенде – хабарлама жөнелтілген күні (егер жөнелту туралы хабар болса);
хабарлама (дауыстық хабарландыру) мобильді байланыс және басқа телефон байланысы, соның ішінде «Телебанкинг» арқылы жіберілгенде – қоңырау шалған уақыты мен күні;
филиалдардағы, Банктің веб-сайтындағы электрондық мекенжайына, Банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, «Интернет-банкинг» желісінде, банкоматтарда, терминалдарда орналастырылған хабарламалар үшін – хабарлама орналас­тырылған күні.
Заемшының әлеуметтік желідегі парақшасына жөнелтілген хабарламалар үшін – хабарлама жіберілген күні (жіберілгені туралы хабарландыру болған жағдайда);
POS-терминалдың сауда чегінде орналасқан хабарламалар үшін – чекті басып шығару күні.
6.5. Осы арқылы Заемшы хабарламаларды жіберу және (немесе) алу мақсатында қолданылатын жедел байланыстың Құралдарын пайдаланумен байланысты тәуекелдерді (мыналарды қоса, бірақ онымен шектелмей: алаяқтық, жіберілген ақпаратқа уәкілетсіз қолжетімділік тәуекелін, сондай-ақ хабарламаны Заемшының алмауы, хабарламаларды жіберу немесе алу үшін пайдаланылатын жедел байланыс құралдарының қызметіндегі жаңылыспен және (немесе) жабдықтың жұмысындағы жарамсыздықтардың салдарына байланысты Заемшының/Банктің оны алғанға дейін мұндай ақпаратты жоғалту тәуекелі) өз мойнына алады.
Банк Үлгі Шарттың 6.5 тармағында көзделген жағдайларда, егер мұндай шығындар Банктің ұқыпсыздығының немесе өз міндеттемесін қасақана орындамауының салдары екені дәлелденбесе, Заемшының шеккен шығындары үшін жауап­кершілік арқаламайды.
7. Шот және Карточканы пайдалану бойынша
операцияларды шектеу. 
7.1. Шартта Заемшының Шоттағы ақшаны басқаруы бойынша келесі шектеулер қойылады: 
7.1.1. Шоттағы ақшаға жасалатын төлемдер тек қана Карточканы пайдалану арқылы іске асырылады;
7.1.2. Шоттағы ақшаға жасалатын төлемдер Лимит және Заемшының жеке ақшаларының есебінен іске асырылады; 
7.2. Шартта Карточка бойынша келесі шектеулер анықталған: 
7.2.1. Карточка тауарлар, қызметтер мен жұмыс құнын төлеуге арналған;
7.2.2. Карточка Шоттан қолма-қол ақша алуға, интернет арқылы төлемдер жасауға, соның ішінде Банктің веб-сайтында және басқа да интернет-ресурстарында төлемдер жүргізуге қолданылмайды.
7.3. Банк Үлгі Шарттың осы бабында көзделген Үлгі Шарттың 4.4.7. тармақшасында көзделген тәртіпте Шот немесе Карточка бойынша шектеудің әрекетін тоқтатуға немесе жоюға құқылы. 
8. Шарт талаптарына өзгеріс енгізу тәртібі.
Шарттың қорытынды талаптары
8.1. Егер оларда өзге жолдар қарастырылмаса, Банк басып шығарылған күннен бастап әрекет ететін Үлгі Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы және ол осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін жасалған Жеке Шарттарға да қолданылады. 
Үлгі Шартқа жасалған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгенге дейін жасалған Жеке Шарттарға осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар Үлгі Шартта қарастырылған Банктің бір жақты тәртіпте енгізе алатын, Заемшы үшін Үлгі Шарттың талаптарын жақсартатын өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, Банк пен заемшылар арасында Жеке шарттарға қосымша келісімдер жасалған кезде қолданылады. 
8.2. Нақты Жеке Шарттың Тараптары оған қосымша келісім жасау арқылы Үлгі шарттың талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы және олар осы Жеке Шарттың тек қана нақты Тараптарына қолданылады. Банк Үлгі шартта қарастырылған Үлгі Шарттың талаптарына біржақты тәртіпте өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге Жеке Шарттағы нақты Тарапттарға қатысты қолданылатын, Заемшы үшін оның талаптарын жақсартатын жағдайда қолданылады.
8.3. Үлгі Шартта қарастырылған Банктің оған біржақты тәр­тіп