Қазақстан • 09 Қараша, 2017

Үлкен Еуразияның болашағы Астанада талқыланады

498 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстанның елордасы кезекті рет жаһандық іс-шара өткізу қарсаңында тұр. Дәлірегі, Астанаға алдағы 13-14 қараша күндері әлемдік сарапшылық-саяси элитаның жетекші өкілдері жиналады. 

Үлкен Еуразияның болашағы Астанада талқыланады

Мұндай кездесулердің дәс­­түр­лі орны – Астана клубы. 2015 жылдан бастап, осы алаң­ның жұмысын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Қоры және оның шеңберінде қызмет ететін Әлемдік экономика жә­­­не саясат институты ұйым­дас­тырады.

Биылғы жылы АҚШ-тың,­­ Ресей­дің, Қытайдың, Үн­­­діс­танның, Еуро­паның, Таяу Шы­ғыстың, Орта­лық жә­не­ Оңтүстік-Шығыс Азия­ның ірі ғалымдары, танымал саясаткерлері, алдыңғы қа­­тарлы «ақыл-ой орталық­тарының» саясаттанушылары біздің заманымыздың өзекті мәселелерін тал­қылайды.
Жаңа қалыптасқан әлемдік тәртіптің анықтамалық нүк­те­лерін анықтай отырып, іс-шараға қатысушылар ал­дағы онжылдықта Еуразия да­муының векторлары мен сценарийлерін белгілеп, ағым­­дағы оқиғалардың көк­ж­ие­гіне көз салуға тырысады. Тұ­тастай алғанда, қатыс­у­шы­­лардың барлығы Астана клуб – жаһандық сарапшылар қа­уымдастығының қажет­­­ті­­­ліктері мен талаптарын қа­нағаттандыратын, былайша­ айтқанда Үлкен Еуразия деп аталатын аумақтағы үде­рістерді талқылауға арнал­ған ерекше халықаралық формат екенін атап айтады.

Сонымен қатар Астана клуб­тың маңыздылығы оның бірегей миссиясында. Ал­ бас­қа әлемдік сұхбат алаң­да­ры­нан айырмашылығы, Ас­тана форматы адал және сындарлы пікірталастар үшін тәуел­сіз және бейтарап аренаны ұсынады.

Догматизмге (өзгеріссіз мәң­­­гілік ере­желер болып табылатын, сынға ұшы­рамайтын ойлау тәсілі) және кез-келген идеологиялық күн тәртібін күш­­теп таңуға ешқандай жол берілмей,  тек жоғары кәсіп­қойлық пен ашықтық ахуалы орын алған. 

Егер біз бейнелі және мета­фора­лық түрде салыс­тырсақ, клубтың қабырғасында жүр­гі­­зілетін пікірта­ластар мате­матиктердің семинарларына ұқсас, онда бір тапсырма ше­шімінің әртүрлі нұсқалары, сайып келгенде, ортақ әмбебап тұжырымдаманың шешіміне әкеледі. Сөз халықаралық қа­ты­настардың тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтама­сыз ететін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қалып­тастыруда болып отыр.

Астана клубтың жұмы­сы еркін және ашық сөйлесу форумы ретінде «Chatham House» ережесі ая­сында өт­кі­зілетінін айта ке­ту керек. Кейіннен тікелей дәйек­сөз­ге тыйым салынады, сөй­леу сілтемелері сөйлеу­шілер­дің есімдерін көрсетпеу ар­қы­лы ғана мүмкін болады. Сондықтан алдыңғы тәжірибе көрсеткендей, клуб аясында эксклюзивті тезис­тер жә­не батыл дәлелдер ай­ты­лады. Бұлар бұқаралық ақ­парат құралдарында жария етілмейтін пікірлер. Бұл фактор тақырыптық талқылау­лардың жоғарғы деңгейдегі өнімділігіне ықпал етеді.

Жалпы алғанда, қысқа мер­зім ішінде Астана клуб өз орнын сенімді түрде иеленіп, танымал халықаралық брендке айналды. Бүгінде оның қызметі тұрақты түрде жетіл­діріліп, сапалы жаңа деңгейге көшуде.

Клубтың алдағы кездесуле­рінің ерекшеліктерін атап өтер­ болсақ, біріншіден, клуб жұ­мысына алғаш рет бір­не­ше бұрынғы мемлекеттер­ бас­шылары шақырылды. Қатысу­шылардың басым бөлігін ха­лық­аралық істерге тікелей қа­тысқан және сахнадан тыс тарихи оқиғалардың куәгерлері бол­ған дипломаттар мен сырт­қы істер мекемелерінің бұ­рынғы басшылары құрайды. Екін­шіден, клуб қызметінің атласы жаңа мүше елдермен қарқынды түрде белгіленеді. Биылғы жылы кездесудің тұрақты қонағы ретінде тағы 10 елдің өкілдері қосылады. Олар: Италия, Индонезия, Польша, Сербия, Словения, Финляндия, Чехия, Бангладеш, Малайзия және Әзербайжан. Клуб қатысушыларының құрамы 28 мемлекеттен келген 66 қатысушыға дейін кеңейді. Үшіншіден, лонг-парақ осыған дейін астаналық пікірталасқа қатыспаған белгілі саясаттанушылар және сарапшылармен толықты. Бұл тұрғыдан клуб мүшелерінің тізімі ғылыми жұмыстары мен аналитикалық ізденістері қазіргі заманның геосаяси және геоэкономиқалық үрдістердің тұжырымдамалық негізін қалайтын тұлғалармен толықтырылады. Олар жаңа шындықты және қазіргі за­ман­ғы әлем тәртібінің мәнін түсіндіретін негізгі тео­рия­лардың жасаушылары болып табылады. Бұл ғаламдық интеллектуалды дискурстың қа­­­лып­­тасуына қандай да бір  ықпал ететін тұлғалар. Төр­тіншіден, клуб тарихында тұң­ғыш рет ашық панельдік сессия өткізіледі, оның шеңберінде бұрынғы мемлекеттер басшылары, сараптау және бұқа­ралық ақпарат құралдары сала­сындағы тұлғалар сөз сөйлейді. 

Тұтастай алғанда, екі күн ішінде бүкіл әлем бойынша ой-пікірдің кең ауқымын ұсынатын пікірталастар бо­­лады. Кездесудің бас­ты­ тақырыбы – «Үлкен Еура­зия-2027: теке­тірес немесе серіктестік» – стра­тегиялық шешімді қажет ететін өзек­ті сын-тегеуріндер мен қа­уіп-қатерлер негізінде қалып­тасқан.
Мәселелердің тізімі халық­ара­лық проблемалардың ең ыстық топтарын қамтиды. Бұл әлемдік күштер ара­сын­дағы бәсекелестік пен АҚШ, Ре­сей, Қытай және ЕО геосая­си бас­тамаларының ара­қаты­насы, өңірлік ойыншылар рө­лінің артуы, Еуразиядағы не­гізгі ин­теграциялық жоба­лардың түйіндесу перспективаларына қа­тысты.

Қатысушылар жаңа қауіп­сіздік сәулетін құру перспективалары, Корей түбегіндегі шиеленісудің мәнмәтінінде ядролық қарусыздандыру,  Еуропадағы оқиғалар, сондай-ақ Орталық Азиядағы үрдістер, жаһандық және өңірлік үде­рістердегі Қазақстанның рөлі туралы сөз қозғайды деп кү­тілуде. Тұтастай алғанда, кез­­десудің күн тәртібі өте кең. Бұл клуб мүшелеріне ал­­дағы онжылдықта Үлкен Еура­зия дамуының сұлбасын сы­зуға, яғни өте үлкен әрі күр­делі міндетінің шешіміне жақындауға мүмкіндік бе­ре­ді. Әрине Астана клуб­  фор­матындағы Еуразия тағ­ды­рын талқылауға бағыт­талған сарапшылар диалогы Қазақстанның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәйек­ті түрде көте­ретін ашық­тық пен тең­герімді өзара әрекеттестік прин­циптеріне негізделген жа­һандық саяси диалогты ны­ғайтуға оң әсерін тигізеді.

Ержан САЛТЫБАЕВ, 
Әлемдік экономика және саясат институтының директоры