02 Қараша, 2011

Қоғамдық кеңес отырысы

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Астанада «Атамекен» ҚҰЭП жанындағы Кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес оты­рысы өтті. Оған Мәжіліс депу­тат­тары, Бас прокуратура, Салық ко­митеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржы полициясы, кәсіпкер­лер­дің өңірлік ұйымдары, Адвокаттар одағы өкілдері қатысты. Басқосуда заңнамалық және нормативтік актілерді өзгерту жөнінде ұсыныстар ай­тыл­ды, сондай-ақ Қарағанды қала­сынан жеке кәсіпкердің өтініші қаралды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу және әкімшілік кедер­гі­лер­дің алдын алу мақсатында құрылған бо­латын. Кәсіпкерлер қоғамдық кеңеске өз құқықтары бұзылғанда нақты қолдау жасауға өтініш бере алады. Кеңес мақ­саты – кәсіпкерлерге нақты құқықтық көмек беру, кәсіпкерлік қызметке талдау жасау және заңнамалық, нормативтік актілерге өзгерістер ұсыну. Қоғамдық кеңестің бірінші отыры­сы­ның күн тәртібінде мемлекеттік ба­қы­­лау және қадағалау саласындағы заң­на­ма­дағы, лицензиялы-рұқсат беру жүй­­е­сіндегі кемшіліктер, сондай-ақ жалған кәсіпкерлік бойынша құқық қолдану іс-тәжірибесі секілді бизнес-қауымдастық үшін өзекті мәселелер көтерілді. Қолда­ныстағы заңдарды түр­лі­ше түсінудің орын алып отырғанын кеңес мүшелері алдында ашып көрсетті. Біздің палатамыздың осы Қоғамдық кеңесті құруға бастама берудегі мақ­са­ты – бизнестегі қалыптасқан ахуалды жақсарту бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу, – деп атап көрсетті бас­қар­ма төрағасы Абылай Мырзахметов. – Біз Қазақстандағы кәсіпкерлікке қа­тыс­ты өткір мәселелерді көтеруге ниеттіміз. Осындай кеңестер өткізу тұрақты орын алмақ және ол өңірлерде де өтетін бо­ла­ды. Кәсіпкерлерге қатысты лауа­зым­ды тұл­ғалардың заңға қайшы бар­лық әре­кет­тері бойынша құқықтық және қоғамдық баға беріліп, кеңес шешімдері мемлекеттік органдарға жіберіліп тұрады. «Егемен-ақпарат».