Әлем • 09 Қараша, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытудың перспективаларын қарастырды.

– Біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз – қиындықтарға қарамастан ілгерілеп келе жатқан экономикалық өзара іс-қимылымыздың негізі. Соңғы 9 айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31 пайызға өсті. Біздің әр кездесуіміз – жаңа белес, онда ауқымды міндеттер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.