02 Қараша, 2011

Елеулі әлеуметтік көмек

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Павлодар қаласының №1 ауруханасында Еура­зия­лық  табиғи ресурстар корпорациясы (ENRC) мен  ENRC Кө­мек корпоративтік қоры әлеуметтік көмек ретінде арнайы сатып алған меди­ци­налық жабдықтарды тапсырудың сал­та­нат­ты рәсімі болып өтті. Жалпы құны 311 миллион тең­ге болатын бұл арнайы ме­ди­циналық жабдықтарды ENRC корпорациясы 2011 жылы әлеу­мет­тік жобаларды жүзеге асыру туралы Павлодар облысы әкім­шілігімен жасасқан меморандум аясында сатып алған. Сөйтіп, Павлодар қалалық №1 ауруханада ортопедия, травмотология, хирургия және нейрохирургия сала­сында қолданылатын заманауи рентген аппараттары орнатылды. «Енді облыс тұрғындары жаңа заманауи медициналық аппарат­та­рдың игілігін көретін болады. Қалалық ауруханалардың дәрігер­лері осы жаңа қондырғылар қой­ылған орталықта өздерінің тео­рия­лық және тәжірибелік қабі­лет­терін шыңдауға мүмкіндік ал­ды», деді салтанатты рәсімде сөйлеген «Қазақстан алюминийі» АҚ вице-президенті Мұратқазы Жанғазақов. Жыл сайын ENRC Тобының Қазақстандағы кәсіпорындары және ENRC Көмек корпоративтік  қоры өңірлердің әлеуметтік да­муы­на қомақты инвестициялар салады. 2011 жылы әлеуметтік жо­баларды жүзеге асыру бой­ын­ша Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар әкімшіліктерімен жасалған меморандумдар аясын­да корпорация осы мақсатқа 5 млрд. теңге бағыттады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.