Режиссер Отто Белланың «Бүркітші қыз» деректі фильмінің бас кейіпкері, моңғолиялық қазақ қызы Айшолпан қазіргі таңда 11-сыныпта оқиды. Таяуда ғана ол Азияның «Asia Game Changer Awards 2017» марапатын жеңіп алған болатын.
«Бүркітші қыз» фильмі - тамаша туынды. Сіз әйелдерге тән ерекше ерлік пен батылдықты, төзімділікті танытып, Моңғолияны әлемге таныттыңыз», - деді премьер-министр жас қызды бүкіл Министрлер кабинетінің атынан құттықтап.
Премьер-министр, сондай-ақ Айшолпанның ата-анасына осындай инабатты қызды тәрбиелеп отырғаны үшін алғысын білдірді.
Айшолпан Моңғолия премьер-министріне дәрігер болуды армандайтынын айтты. Танымал фильм экранға шыққан соң, бүркітші қыз Гарвард және Оксфорд университеттерінен шақыру алды. «Кинода ойнау қызықты болса да, мен дәрігер болуды армандаймын», - деді ол премьер-министрге.