Аймақтар • 11 Қараша, 2017

Мәскеу мемлекеттік университеті жыл сайын 20 грант бөлетін болды

532 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәскеу мемлекеттік университеті қызылордалық магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 20 грант бөлетін болды. Бұл туралы Қызылорда облысы баспасөз қызметі хабарлады.

Мәскеу мемлекеттік университеті жыл сайын 20 грант бөлетін болды

2017 жылдың 10 қарашасында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қызылордалық студенттермен кездесті. Басқосуда Ресейде оқып жүрген студенттердің оқуы мен оларды болашақта жұмыспен қамту, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және мәдени дамуының перспективалары сияқты мәселелер талқыланды. К.Көшербаев студенттерге Елбасының Қызылорда облысына қазан айындағы жұмыс сапары, өңірдің 2020 жылға дейінгі инвестициялық стратегиясы, «Байқоңыр» кешенінің дамуы, облыс әкімдігінің ситуациялық орталығы және т.б. жастарды қызықтырған тақырыптар бойынша айтып берді.

Облыс әкімінің айтуынша аймақ барлық сала бойынша қарқынды дамып, жетісктерге қол жеткізген. Мәселен, биыл мектеп бірітушілердің 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Өңір басшысы жергілікті бюджеттің айтарлықтай үлесі білім беру саласына жұмсалатынын жеткізді. Қ.Көшербаев әлемдегі технологиялық даму тенденцияларын ескере келе жастар үшін туындап отырған заманның жаңа шақыртулары мен мүмкіндіктерін және олардың экономикаға жасалатын ықпалын айқындап берді.

Кездесуден кейін Қызылорда облысының әкімдігі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимаратында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен және басқа да алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарымен (Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университеті, И.М. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университеті, К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу аграрлық академиясы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті және Санкт-Петербургтегі өнеркәсіптік технологиялар мен дизайн мемлекеттік университеті) меморандумға қол қойып, келісім-шарт жасасты.

Қ.Е. Көшербаев Қызылорда облысы Ресейдегі техникалық ЖОО-мен 2014 жылы тығыз әріптестік байланыс орнатқанын айтты. «Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық пен тиімді серіктестіктің арқасында облыс мектептерінің 452 түлегі Мәскеу мен Санкт-Петербургтің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда», - деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімі меморандум аясында 2018 жылдан бастап М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті физика-математика және механика-математикалық мамандықтар бойынша сырбойылық жастарға магистратурада оқу үшін 20 грант бөлетінін жеткізді.

Шараға М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры Виктор Садовничий және ресейлік жетекші техникалық ЖОО басшылары қатысты. Өз сөзінде академик В. Садовничий Челябинск қаласында (РФ) екі ел басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан және Ресей арасындағы XIV өңіраралық ынтымақтастық форумының маңыздылығына тоқталып, қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты сақтай отырып, білім мен ғылымды саласындағы әріптесттікті әрі қарай жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Мәскеудің маңдайалды оқу орындарымен жасалған келісімдер аймақтың қарқынды дамуына айтарлықтай серпін беріп, облыстың интеллектуалдық әлеуетінің өсуіне, жастардың елді дамытудағы рөлін арттырып, жалпы Қазақстан мен Ресей арасмындағы қарым-қатынастың әрі қарай нығайуына септігін тигізетіні сөзссіз.