Медицина • 13 Қараша, 2017

Емдік шөптер түп тамырымен жұлынуда

1924 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары еліміздің биологиялық алуантүрлілігі мен экологиялық жүйесіне орны толмас соққылар беріліп және осы тенденция ұдайы жалғасып отыр. Осының өзі биосфераның тұрақтылығын бұзып, қоршаған орта генофондының сапасын төмендетуі мүмкін жағдайлар тудыруда.  

Емдік шөптер түп тамырымен жұлынуда

Соның ішінде дәрі-дәрмек жа­сау­­­ға пайдасы зор, Қазақстанда жа­­ба­­­йы өсетін өсімдіктерді шетсіз-шек­­­сіз қазып алып, тонналап шет­ел­­д­ер­ге әкету фактілерінің орын алып отыр­ғанына жаны­мыз күйзе­ле­ді. Әсі­ресе тамыры­мен жұ­лын­ған пай­далы өсімдіктердің енді қай­­тып ор­нына келмейтіндігін ой­ла­ған­­да ішің ашиды. Осының бәрі та­­би­ғи ор­таны қорғау, дәрілік шөп­тер мен табиғи техникалық өсім­­дік­­­тер­дің өсуі мен өнуін бақы­лау, рет­­­теу жөніндегі заңнаманың бол­мауы­­нан орын алып отыр. Олар­ды қо­р­­ғау мен бақылау заң бойын­ша тек ай­­рық­ша күзетілетін және мем­лекет­­тік ор­ман қорының аумағында ғана жасалады. 

Мемлекеттік кіріс органдары­ның соңғы төрт жылдағы мәлімет­теріне қарағанда, біздің елімізден мия тамырының 85 мың тоннасы әкетілгені белгілі болып отыр. Ал республикалық Ботаника және фитоинтродукция институты тек 72 мың тонна тамырды жұлуға ғана ұсыныс жасаған. Демек, мияның тамырын жинаушылар тек белгілі, ресми ақпараттарға қарағанда 13 мың тоннаның тамырын артық алып, шетел асырған. Осының өзі қоршаған ортамызға тигізген зор зиянды көрсетеді емес пе?

Сонымен бірге мияның тамыры орнына қайта өсуге мүмкіндік бере­тін дәнін тастамай, түп орнымен қопару арқылы алынатынын ай­та кеткен жөн. Осыдан кейін ол жер­ге мия өсімдігі ешқашан қайта өс­пейді. Тағылықпен құрту деген осындай-ақ болар.

Ал енді мына қызыққа қара­ңыз. Сол миядан жасалынатын емдік шөптер мен дәрілік өскіндердің экспорты елімізде жыл сайын көбейе түсуде. Өзіміздің дәрілік шөптерімізді енді бәленбай есе қымбатқа қайта сатып алудамыз. 

Емдік шөптерді жинауға Қазақ­­стан азаматтары ғана емес, шетел­діктер де қатыстырылып жүргенін білеміз. Мысалы, 2017 жылдың қыркүйек айында Оңтүстік Қазақ­стан облыстық ішкі істер депар­таменті шығыс медицинасында қолданылатын емдік шөптер жинап жүрген Ауғанстанның 100-ден артық азаматын ұстаған. 

Айта кететін жайт, бүгінге дейін мия өсімдігі сирек және жойы­­лып бара жатқан түрлерге жатқы­зыл­маған. Сондықтан оның тамырын қазып алушылар­ға қар­сы қылмыстық түгілі әкімші­лік жауап­­кершілік те біздің заң­нама­ларымызда қарастырылмаған. 

Міне, осындай жағдайды түзе­тетін заң жобасы әзірленгенше, біз Премьер-Министр Бақытжан Са­ғын­таевтан емдік дәрілер жасайтын шөптерді Қазақстан аумағынан әкетуге уақытша тыйым салуды сұрадық. 

Роман КИМ,

Мәжіліс депутаты