04 Қараша, 2011

«Дала кемесінің» жаңа үлгісі Қазақстанда құрастырыла бастады

251 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҮКІМЕТ       «Егемен Қазақстанның» апталық қосымшасы

Биылғы жылдың басында «Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылығы «Агромашхолдинг» ЖШҚ-мен бірлесе отырып, Қа­зақстандағы «Енисей-Қам­қор» комбайнын құрастыру бөлімше­сінің ашылу рәсімін өткізген бо­латын. Отандық агроөнеркәсіп кешені саласындағы аса маңыз­ды инновациялық жаңалықтар­дың бірі ретінде қабылданған осынау сәтті қадам өзінің игі жалғасын тауып, үстіміздегі жыл­дың сәуір айында Жамбыл об­лысы мен Шу ауданы әкімдік­терінің қолдауымен республи­камыздың аумағында құрасты­рылған «Енисей-Қамқор-1200» комбайнының ресми тұсаукесері ұйымдастырылды. 2011 жылдың сәуірінен қыр­күйек айына дейін «Енисей-Қамқор-1200» астық жинаушы комбайнның 49 данасы жасалы­нып, оның 40-ы биылғы орақ науқанында пайдаланылды. Осы­­лайша бұл комбайндар Қазақ­стан Республикасында қолданы­лып жүрген стандарттау жүйе­сіне сәйкес сертификаттау сы­нағынан сәтті өтті. Бұдан басқа аталған комбайнға СТ-КZ фор­матынан өту сертификаты да берілді. 2012 жылы әртүрлі модификациялармен жарақтандырылған комбайндардың бірнеше түр­ле­рі­нің 200 данасын құрастырып, пайдалануға беру көзделінуде. Мұның өзі жергілікті жерлерде жұмыс орындарын көбейтумен қатар, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына да едә­уір үлес болып табылары сөзсіз. Өйткені, комбайндарды өз елі­міз­дің аумағында құрастыру ауыл­­шаруашылық техникала­ры­ның өзіндік құнын біршама төмендететіні белгілі. Жақында ғана Астана қала­сындағы «Көрме» орталығында ашылған «ҚазАгро-2011» және «ҚазФерма-2011» халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі көрмесінің ая­сында «Агромаш-Қамқор-4121» комбайнының жаңа үлгісі келушілерге таныстырылғаны жұрт­шы­лыққа белгілі. 4-сыныпты өз­дігінен жүретін бұл астық орушы комбайн дәнді дақылдарды тікелей және бөліп оруға арналған. Жаңа үлгідегі ауылшаруашылық техникасы егіні бітік өскен ал­қаптарда да, сондай-ақ ылғалды жерлерде де дән оруда таптыр­майтын құрал. Жаңа комбайн «Тракторлар зауыты» концерні тобына кіретін Краснояр комбайн зауыты конструкторларының көп жылдар бойғы ізденістерінің нәтижесі болып табылады. Биыл бұл комбайндар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыста­рындағы астық жинау науқанын­да диқандардың орынды ризашы­лығына ие болды. Көрмеге келген шаруашылық басшылары бұл туралы жарыса пікір білдіріп, жаңа комбайндардың озық жетістіктерін тамсана әңгімелегендері бұған нақты дәлел. Көрме аясында ұйымдасты­рылған жаңа комбайнның таныс­тырылымында Премьер-Минис­трдің бірінші орынбасары Ө.Шө­кеев, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, Ауыл шаруа­шылығы вице-министрі М.Төле­баевтар жаңа техника туралы өз пікірлерін айтып, комбайнды құ­растыру жұмыстарына «ақ жол» тіледі. Олар өз сөзінде мұның өзі Мемлекет басшысы  Н.Ә. На­­зар­­баевтың отандық ауыл­шаруа­шы­лық машиналарын құ­растыруды дамыту туралы тап­сырмаларын іс жүзіне асырудың тікелей көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Аг­ромаш-Қамқор-4121» ком­байны­ның техникалық ерекшеліктерімен жақынырақ танысқан құра­мында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мен Ауыл ша­руашылығы министрі бар Үкімет делегациясы жаңа техниканы құ­растырудың келешектегі дамуы мен оларды ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің пайдалану мүмкіндіктері туралы кеңінен ой бөлісті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев отан­дық ауылшаруашылық тех­ни­калары өндірісін дамыту мен өндіріске жаңа технологиялық шешімдер енгізудің маңыздылы­ғын ерекше атап өтті. Халықаралық көрмеге келушілер мен қатысушылар жаңа комбайнды аса қызығушылықпен тамашалап, оңды пікірлерін білдіруде. Қазақстанның астықты алқап­та­рында «Енисей-Қамқор-1200» комбайндары дала кемесіне айна­лып, ел ризығын төкпей-шашпай жинауға жаппай атсалысатын күн де алыс емес. Қорғанбек АМАНЖОЛ.