Қысқы спорт • 14 Қараша, 2017

Шығысқазақстандық шаңғышы Финляндиядағы жарыста топ жарды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияда шаңғыдан өтіп жатқан FIS халықаралық сайыста шығысқазақстандық спортшы Иван Люфт классикалық әдіс бойынша 10 шақырымдық спринттік жарыста топ жарды.

Шығысқазақстандық шаңғышы Финляндиядағы жарыста топ жарды

10 шақырымдық классикалық әдіс бойынша 60 шаңғышы жарыс жолына шықты. Мәре сызығын алғаш болып кесіп өту үшін өскемендік спортшыға финляндиялық және украиналық шаңғышылар бәсекелестік танытты. Дегенмен, И.Люфттың жеңіске жетуі үшін 22:01:00 уақыт жеткілікті болды. 

 – Бұл жарыстар алдағы уақытта өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына және Олимпиадаға дайындық десек те болады. Бұдан бөлек, осы бәсекелерде классикалық стиль бойынша спринттік жарыстарда бақ сынағым келеді, – деді Иван Люфт.

Маусым алдындағы бұл жарыстар спортшылардың рейтингтік ұпайларының жоғарылауына жақсы мүмкіндік берді. Айдың соңына дейін Финляндия жерінде тағы да 5 FIS сайысы өтетін болады.

 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы