Қазақстан • 15 Қараша, 2017

Сәбина «Әлем аруы-2018» байқауына қатыса алмайды

669 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Егер оқырман есінде болса, биыл «Алматы аруы-2017» байқауында бағы жанып, ажарымен, ақылымен сұлулық тәжін киген 17 жастағы Сәбина Әзімбаева алдағы «Әлем аруы-2018» байқауына баруы керек еді. Алайда аяқастынан барлық қазақ қыздарының көркін көрсету 19 жастағы Кәмила Әсіловаға бұйырып отыр.

Сәбина «Әлем аруы-2018» байқауына қатыса алмайды

Сәбина Әзімбаева байқау шар­тына орай келер жылы 18 жа­сқа толғанда ғана байқауға қа­ты­са алады. Жас шамасына қо­йыл­ған талаптарға байланыс­ты ар­у­лардың орындары ауыс­тырылды. 

Бастапқыда «Әлем аруы» додасы 2018 жылдың қаң­тарында Филиппинде өт­кізіледі деп жоспарланған еді. Соңғы сәттер­де жарыс биылғы 26 қара­шада Лас-Вегас­та өткізіледі деген шешім қабыл­данды.

Сол сияқты «Қазақстан аруы-2016» атан­­ған қызылордалық Гүлбану Әзім­ханова да Қазақ­стан атынан Қытайдың Санья қаласында өткен әлемдік сұлу­лық бай­қауында жүргенін хабарлаған болатынбыз. 

Ал Кәмила қатысатын «Әлем аруы» (MissUniverse) – жыл сайын өткізілетін сұлу­лық жарысы. Бұл әлем­дегі ең беделді сұлулық бай­қау­лары­ның бірі. Сонымен бай­қау­да бағы тасып, сұлулық тәжін киген жеңімпаз қызбен жылдық келісімшарт жасалады. Ол ару қайырымдылық және жарнамалық мақсатта бүкіл әлемді аралап шығады. Өткен жылы «Әлем аруы-2016» атағын франциялық Ирис Миттенер жеңіп алғаны аян. 

Ал Кәмила Әсілова рес­­пуб­­ликалық Эстра­да-цирк кол­леджін хорео­граф маман­дығы бойынша тәмам­даған. Өзінің би студиясын ашуды армандайтын ару Қазақ­стан аты­нан осындай ауқымды байқауға қаты­су бақытына ие болғанына, әрине қуанышты.

– Бұл менің бала күнгі арманым болатын. Ата-анама әлемдік байқауға бара­ты­­нымды айтқанымда, олар да қуанып, мені мақтан тұта­тын­дарын біл­­дір­ді. Анам кіш­кентай ке­зім­­де «Арман-тілек­­тер карта­сын» салғаным­ды, сол жердегі ар­манымның бірі сұлу­лық бай­қауымен бай­­­ла­ныс­ты бол­ғанын есіме түсір­ді. Арман­дар орындалады, – дейді көрікті Кәмила.

Қазір бойжеткен үлкен сы­нақ­тарға толы сапарға дайын­да­лып жатыр. Кәмилаға «Қазақ­стан аруы-2007» байқауы­ның жеңім­­­пазы Аль­­фина На­сырова көмек­тесіп жүр. Аль­­­фи­на­ның халықара­лық бай­қауларға қатысуда айтар­лықтай тәжі­рибесі бар. Ол «Әлем аруы-2008» бай­қауын­да топ жар­ған үздік 15 арудың қа­та­рына енге­­нін ұмытпағандар табылар. 

«Альфина маған барын­ша көмек­тесіп жатыр. Кеңесін аямайды, өзімді қалай ұстауым керектігін үйретеді. Күнде сабақ аламын, киім өлшейміз, ұсақ-түйектерге дейін таңдаймыз, тал­­қы­лаймыз. Мен оған өте риза­мын», деді тілеу­лестеріне Кәмила. 

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ