Оқиға сейсенбі күні таңертең Техама фермасында болған. Бейтаныс өз үйінің маңында оқ атып, артынша мектеп аумағына өткен. Жергілікті тұрғын оны танитындығын, жасы елулер шамасында екенін айтты.
«Соңғы уақыттарда ол атумен әуестеніп, жаттығып жүрді», деді журналистерге берген сұхбатында. Ол көршісінің бұл әрекеті туралы полицейлерге барып ескерткен, алайда куәлік туралы полиция тарапынан әзірге мәлімдеме берілген жоқ.
Белгілі мәліметтер бойынша, шабуылдаушы да қаза тапқан. Жергілікті медиа өкілдерінің хабарлауынша, күдікті жартылай автомат винтовка және екі тапаншамен қаруланған.
Атыс болған ферма Сакраменто қаласынан 160 км қашықта орналасқан. Қараша айының басында Техас шіркеуіндегі атыстан 20-дан астам адам қаза тапқан болатын.