Аймақтар • 15 Қараша, 2017

Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсі іске қосылмақ

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауылдағы аэродромға 18 орындық Лет-410 жолаушылар ұшағы келіп қонды.  


Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсі іске қосылмақ

Екі қозғалтқышы бар әуе кемесімен Павлодардан Баянауылға дейін 16 жолаушы ұшып келді. Оларды кезінде аудан орталығымен әуе қатынасын жандандыруды ұсынған аймақ басшысы да болды. Екі арадағы жолдың ұзақтығы – 40 минут.

Әуе рейсіне «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсетті. Бұл фирманың жергілікті әуе желілеріне қызмет көрсетуде бай тәжірибесі бар.

- Бүгін біз алғаш рет Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсін жасадық, - деді ұшақтың капитаны Сергей Терехов. – Рейс ойдағыдай өтті. Баянауылдағы аэродром ұшақтарды қабылдауға толықтай дайын деп ойлаймын.  

Қазіргі кезде аэродром толықтай қоршалған. Мамандар ұшу-қону алабының аумағында қосымша инфрақұрылымның құрылысы мәселесімен айналысып жатыр.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар